Белгілі ұстаз Мақсұт Оразай дүние салды

Белгілі ұстаз Мақсұт Оразай дүние салды

Елге белгілі ұстаз, тіл жанашыры, "Қазақ" газетін 1992 жылы қайта тірілткендердің бірі Мақсұт Құлмұхаметұлы Оразай қайтыс болды.

Мақсұт Құлмұхаммедұлы Оразай 1938 жылы 27 желтоқсанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1961 жылы Қызылорда педагогика институтының "Орыс тілі және әдебиеті" мамандығын тәмамдаған.

1981-1987 жылдары Қазақ КСР Білім министрлігіне қызмет еткен. 1987-1991 жылдары Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебінің, 1991-1997 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп-интернатының директоры болды.

Қ. Слямбек