Белгілі ақын Рафаэль Ниязбек дүние салды

Белгілі ақын Рафаэль Ниязбек дүние салды
Фото: egemen.kz

Қазақтың белгілі ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбек дүние салды.

Рафаэль Ниязбеков – 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген.

Чешен Республикасының ең жоғары "Къоман сий" (Ұлт намысы) орденінің иегері, Чешенстан Мемлекеттік және Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлықтарының лауреаты, ел мойындаған көрнекті ақын.

Қ. Слямбек