Романов князі Алматыға 4 картина әкелді

Романов князі Алматыға 4 картина әкелді

Романовтар әулетінің өкілі, 27 жастағы Ростислав Романов оңтүстік астанамызға өзінің картиналарын әкелді. Экспозиция Қастеев атындағы мұражайдың батысеуропалық көркемсурет көрмесіне қойылды.

Ростислав 14 жасынан бастап ағылшын өнер мектебінде сурет салумен айналысқан. Қазірде ол Англияның оңтүстігінде орналасқан Хэстингс қалашығында тұрады. Forbes.kz-ке берген сұхбатында ол шіркеудің суреттерін салуды жаны қалайтынын айтқан екен. Алматыға басы бүтін 4 картинасын әкелген ол Қазақстанның тарихын біліп, шабытына жаңа әсер алып қайтуға келген.

Өзінің қылқалам туындыларын Ростислав Романов бұдан бұрын Ұлыбритания мен Ресейде көрсетіпті. Бұдан басқа, ол қазақ халқының қонақжайлылығына тәнті болып, келешекте ат басын тағы да Қазақстан еліне бұратынын мәлім етті.

Ростислав Романов:

- Осында алып келген әр еңбегім мен үшін өте құнды. Картиналардың ішіндегі ең үлкенінде көл мен жағалау бейнеленген. Бұл әулеттің мейрамын білдіреді. Ал екінші картинада кең жасыл алаң. Бұл менің үйімнің ауласы.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: watchnews.com.ua

А. Құлтай