Менделеев отбасының он жетінші баласы болған

Менделеев отбасының он жетінші баласы болған
Фото: adme.ru

Менделеев отбасының кенжесі әрі он жетінші баласы болған. Ол балалардың тек сегізі тірі қалған. 

Ол өзі туралы "әйгілі периодтық жүйені түсінде көрген" деген қауесетті естігенде қатты налыған. "Мен бұл туралы 25 жыл бойы ойландым. Ал сіз отырды да, түсінде көрген нәрсесін жасай салды деп ойласаңыз, айтарға сөзім жоқ". 

Менделеев атақты орыс сусынын жасады деген дақпырт та шындыққа жанаспайды. Бұл әңгіменің шығуына негіз болған оның "Су мен спирттің қосылысы туралы" жазған диссертациясы себеп болуы мүмкін. 

Болашақ химик дүниеге келген жылы әкесі Иван Павлович Менделеевтің көзі көрмей қалған да, Тобол мектебіндегі директор қызметінен айырылған. Содан кейін отбасын асырудың бүкіл жауапкершілігі оның анасының мойнына жүктелген.

Он үш жасында әкесі көз жұмды.

Анасы бар күшін жинап, баласын жоғары оқуға түсірмек боп, туған өлкесі Сібірді тастап, Санкт-Петербург қаласына келеді. Ойлағанындай баласы оқуға түсіп,  арада екі апта өткенде жаны да жай тауып, анасы мәңгілік сапарға аттанып кетеді.

Үлкен қалада жалғыз қалған Менделеев бар бос уақытын ғылымға арнады. 21 жасында университетті бітіріп, ұстаздық жолына түскен.

Бұл біз ұсынған қызық деректің бір парасы ғана. Ғалымның жеке өмірінде біздің қоғам қабылдай алмайтын шым-шытырық жағдай көп болған.

@. @assel_assanova