Абай есімді қазақстандықтардың саны қанша?

Ұлы ақын, ағартушы және философ, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының есімімен аттас 18 232 қазақстандық бар. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал ақынның туған жері Шығыс Қазақстан өңірінде Абай атты 378 азамат тұрады.

Бүгінде ең үлкен Абай 92 жаста болса, ең кішісі небəрі 6 күн бұрын туған. Кішкентай Абай 2020 жылғы 20 қаңтарда Сарыағаш қаласында дүниеге келді.

Соңғы 10 жыл ішінде (2009-2020 жж.) 2470 Абай өмірге келіпті. Олардың дені түркістандықтар(415), Алматыда 321 және Нұр-Сұлтанда 273 ақынның аттастары бар екен.

Қазақстанда қазіргі таңда аты-жөні Абай Құнанбайұлы болып жазылған 31 адам тұрады. Оның ішінде аты мен тегі Абай Құнанбайұлы болып жазылған үш адам бар. Олар – Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында. Ал құжатында аты мен әкесінің аты Абай Құнанбайұлы деп көрсетілген қазақстандықтар саны – 28.

Ең көп Түркістан облысында – 10 адам тұрады. Одан кейін:

Алматы облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 3
Шымкент – 3
Ақтөбе облысы – 2
Алматы – 2
Павлодар облысы – 2
Ақмола облысы – 1
Қарағанды облысы – 1
Қызылорда облысы – 1