Да Винчидің танылмаған картинасы табылды

Да Винчидің танылмаған картинасы табылды

Бұған дейін із-түзсіз жоғалған мұра қатарында саналып келген картина – «Ангьяри түбіндегі шайқас» деп аталады.

Атақты туынды көне заманда соғылған Палаццо Веккьо ғимаратынан табылған, деп хабарлайды Agence France-Presse.

Іздеу жұмыстарын Маурицио Серачини есімді өнертанушы 2005 жылы бастаған. Ол Италия басшылығынан Палаццо Веккьо ғимаратының қабырғаларын зерттеуге рұқсат сұрап алған. Маурицио өз жобасына сыни көзбен қарап, құптамайтын адамдардың қарсылығына қарамастан, 2007 жылы биліктің келісімін ала салып, іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Сөйтсе, картина тағы да бір атағы жер жарған Мазари деген суретшінің «Марчиана түбіндегі шайқас» туындысының теріс бетінен табылыпты. Ғалымдар бояудың құрамын зерттей келе, қара түсті сыр дәл «Мона Лиза» картинасында қолданылған сырмен бірдей болып шыққанын анықтаған.

Палаццо Веккьо

Жоба National Geographic Society және Сан-Диего Калифорниялық университетінің қолдауымен өткізіліп отыр.

Сурет тарихы: «Ангьяри түбіндегі шайқас» деп аталатын туындыны флорентилік билік өкілдері 1503 жылы арнайы Леонардо да Винчиге салдыртқан. Суреттің көптеген нұсқалары болса да, тарихшылар Леонардо да Винчидің бұл сурет жұмыстарын толық бітірмегенін айтады. Сол нұсқалардың бірі атақты - Лувр мұражайында сақтаулы екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: museum-online.ru

А. Құлтай