Із-түзсіз жоғалған ең ұзын картина

Із-түзсіз жоғалған ең ұзын картина

Американың атақты суретшісі Джон Банвард ұзындығы 1524 метр болатын картина салып шыққан. ХІХ ғасырда өмір сүрген суретші 25 жасында-ақ әлемге танылып үлгерген. Ол бұл даңққа Миссисипи өзені маңындағы екі шақырымға таяу әдемі көріністерді төсеме матаға салып шыққан соң қол жеткізген.  

Даңқа құмар жігіт бір жыл бойы ашық аспан астында ұйықтағандықтан оны бір шытырман оқиғалы фильмнің бас кейіпкері етіп те алған кино түсіріліпті. Ол өзен жағасымен жүріп отырып асықпастан табиғат көріністерінің эскизін түсірген. Сөйтіп, Луисвельдегі өзінің, арнайы соғылған студиясында суретті бояуға көшкен. Ал жұмысын жеңілдету мақсатында арнайы орама аппаратын қолданған.

Сондықтан да, осы бір қайталанбас суреттің салыну барысын көрермен қауым байқай алу мүмкіндігіне ие болған. Жұмыс 1846 жылы аяқталып, елдің аса жоғары қызығушылығын тудырған. Куәгерлер өз кезінде-ақ суреттің өте сәтті шыққанын, табиғаттың көркем көріністері нақтыланған детальдарына дейін көрініс тапқанын айтып, аңызға айналдырыпты-мыс. Банвард мұнымен қоймай, өзінің шедеврін АҚШ пен Ұлыбританияның мәдени ошақтарына апарып, алдарына 1524 метрлі туындысын жайып салатын болған екен.

Қыруар ақша жиып, байлар қатарына енген ол, жылдар өте қайтыс болады. Артынша 1891 жылы картина жоғалып кетіпті. Әлі күнге дейін белгісіз болып келе жатқан картина аукционнан, не бір коллекционердің қорынан көрінбепті.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mir-interesen.ru

А. Құлтай