Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Түрколог-ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің 75 жылдығы аталып өтті

Түрколог-ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің 75 жылдығы аталып өтті

Түрколог-ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің 75 жылдығы аталып өтті

Соңғы жылдары Қазақстан мен Венгрия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық тек қана саяси-экономикалық тұрғыда ғана емес, бизнес, білім, мәдени-спорттық салада да жан-жақты дамып келеді.  Мұндай ынтымақтастықтың тарихы тереңде екенін ғалымдар дәлелдеп келеді.

Венгер қыпшақтары өздерінің шығыстық тегіне ден қоюды 1235 жылғы Юлиан Фратердің сапарынан (Марко Полодан бұрын!) бастайды. Түркі тілдерінің атақты зерттеушісі, мадияр түркологиясының бағдарламасын құрастырушы Вамбери Арминнен бастап бірқатар еуропалық ғалымдар осы мәселеге назар аударды. Олардың ішінде "қыпшақ тілі – қазақ тілі, қазақ – менің бауырым" деп өткен, венгр және қазақ мәдени қарым-қатынасының дамуына зор үлес қосқан түрколог-ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің еңбегі айрықша.

Қазақ-мажар байланысының шырақшысы бола білген Қоңыр Мандоки есімін қазақ халқы да ұмытпайды. Ірі мегаполистерден көше, мектеп атаулары беріліп, Мандоки мұрасына арналған конференциялар өткізіп тұрады.

Ғалымның 75 жылдығына арналған бұл шара 10 ақпан күні сағат 10/00 де Қоңыр Мондокидің жерленген жері Алматы қаласы Кеңсай-1 зиратынан басталды. Зират басында дүниеге келгенен бастап, дүниеден өткен уақыты 22 тамыз 1992 жылға дейінгі аралықта ғалымның артына қалдырған рухани мол мұрасы, жүріп өткен жерлері туралы естеліктер айтылып, Қоңыр Модокидің құрметіне Юлай Шамиоглы бастаған біраз адамдар құран бағыштады.

Ертесіне, ақпан айының 11–і күні ұйымдастырылған "Ұлы дала және Мандоки мирасы" атты халықаралық конференция Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласында айтылған бастамалармен үндес келді. Алматы қаласындағы Қонаев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан "Достық" үйінде өткен бұл шараға дүние жүзінің түкпір-түкпірінен (мәселен, ғалымның жары Оңайгүл Мандоки, америкалық түрколог Юлай Шамиоглы, Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани,  венгерлік журналист Егри Шандор, Өзбекстан, Қырғызстан, Башкұртстан, Татарстан т.б мемлекеттерден) түркітанушы ғалымдар қатысты.

12 ақпан күні Алматы қаласы Райымбек пен Сайн көшелерінің қиылысының төменгі жағындағы Ақбұлақ шағын ауданында Қоңыр Мондики атындағы 154 мектепте  іс-шаралар жалғасын тапты.Бұл ұжымның қазіргі директоры Алмасбаева Каламкас  ханым осы іс-шараға белсене қатысты. Ертесіне Алматы обылысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу елді мекенінде Мандокидің құрметіне ұйымдастырылған ұлттық ат спорты жарыстарының басынан аяғына дейін қатысып, сол ауылдағы ақсақалдармен азаматтарға Қоңыр Мандокидің ғылымдағы ізі, тағылымды өмірі, әсіресе ұлттық ойындарға қатысты, атбегі болғандығы туралы жиналған қалың жұртқа түсіндіріп берді. Бұл шара Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті Дене шынықтыру спорт кафедрасының меңгерушісі,педагогика ғылымның кандидаты профессор Қазақстан Республикасының  қазақ күрес федерациясының алғашқы төр ағасы, тұңғыш президенті, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Ерғали Мухиддиновтың мұрындық болуымен өткізілді. Бұл шара ұлттық ойындар түрінің мол қамтылуымен ерекшеленді. Атап айтсақ:  бүркіт салу, садақ ату, теңге ілу, қыз қуу, жастар арасында аударыспақ, ересектер арасындағы аударыспақ, командалық жүйедегі көкпар, жаппай көкпар және т.б спорт түрлерінен жарыс жүргізілді. Осы Тескенсу елді мекенінің ақсақалдарының, ауыл билері мен Ұлы отан соғысының, Ауған соғысының ардагерлері, ауыл азаматтарының айтуы бойынша,  жылда дәстүрлі түрде 10-шы ақпан күні  Қоңыр Мондокиді еске түсіруіне байланысты ұлттық ат спорт түрлерінен жарыс өткізіп тұруға уәделесті. Ауыл азаматтары, Рыскелді, Төлебай, Томпақ бала, Саят, сол ауыл әкімшілігі,  аудандық Спорт бөлімінен Ерболат мырза мен Тескенсу аулының азаматтары іс-шараның жоғары дәрежеде өтуіне атсалысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қоңыр Мандоки бауырымыз туралы: "Ол екі халық арасындағы тек тарихи туыстықты дәлелдеп ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынастардың жетілдіруіне, екі халықтың бірлігіне және жалпы мәдениеттің гүлденуіне септігін тигізген орасан зор еңбегінің үлгісі ретінде қазақ халқы оны мақтанышпен еске алып, құрметке бөленеді" деген екен. Расында да, барлық саналы ғұмырын мажар және күллі түркі халықтарының қандас,  туыс жұрттар екендігін дәлелдеуге арнаған көрнекті түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері Иштван Қоңыр Мандоки мұрасын қазіргі және келер ұрпаққа насихаттау ісі жалғасын таба беруі тиіс. Бұдан ұлттың ұтары көп.

Абай атындағы қазақ ұлттық Педагогикалық Универисетінің
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Абишев Кендебай

Фото: Абишев Кендебай
Қосылған күні: 13 сәуір, 18:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.