Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / "Қарапайым халықтан еш айырмамыз жоқ"

"Қарапайым халықтан еш айырмамыз жоқ"

- Амансыз ба? Қал-жағдайыңыз қалай? Сізді халық сағынды, сахнада көрінбей жүрсіз...

- Көрінбей жүргенде, енді ғана балам Нұрғисаның күзгі демалысын пайдаланып, Астанаға барып келдім. Алматыға көшкен Қазақстан, Хабар секілді телеарна, радиоларға қонақ болып, бағдарламаларға қатысып келдім. Бір жағынан, мен бұрынғыдай жас әнші емеспін. Атымды қалыптастырған әнші болғандықтан, салмақты болу да керек шығар. Жанталасып, ана бағдарламада бір көрініп, мына хабардан бір жылт етіп жүруді өз басым құптамаймын. Адамды мезі етіп, жалықтыруға болмайды. Мәселен біз төбемізге көтеріп, мақтап жүрген асымыз етті күнде жей берсеңіз не болатынын өзіңіз де білесіз. Соңында бесбармаққа қарағың да келмей қалатын жағдай болады. Міне, дәл солай, әркім де ұстамды болуы керек деп ойлаймын.

- Шығармашылықтағы жаңалықтарыңыз көп шығар?

- «Дәрия» тобында домбырамен ән айтқан Айгерім есімді қызбен бірге ән айтып жүрмін. 2-3 әніміз де жазылып қойды. Әннің болмысы бөлек. Заманауи клубтарда айтылатын әнге домбыра қосып айтамыз. Әннің аты – «Маған арна». Екінші ән «Мені ізде». Әні Қайрат Жәнібековтікі, ал сөзі менің ағам Ержан Түсіпбаевтікі. Осы қараша айы мен концерттерден босамаймын. Жаңалығым осы...

Баласы - Нұрғисамен

- Қазір немен айналысып жүрсіз?

- Біздің бизнесіміз – той бизнес. Ал мен қатысатын концерттің көбі қайырымдылық шаралары болып табылады. Жағдайым жақсы, құдайға шүкір. Мен жас болып, Сүйінбай атындағы Филормонияға келгенде Мәдина Ералиевамен жұмыс жасап едім. Ол кісі біздің, жаңа заманның әншілерінің өмірін оңай деп айтатын. 40 күн бойы ауыл-аймаққа жоспар бойынша барып, концерт беру деген қазір жоқ, міне сондықтан да, өнер адамдары қазір көкірек кермей, барға қанағат айтып жүруі ләзім сияқты. Расында да, біз қарапайым халықтан еш айырмамыз жоқ.

- Сіз өте сұлусыз. Жәй сұлу емес, қазақи сұлулық бар десек те болады. Сұлулықтың сыры неде?

- Әрине, ең бірінші мен ата-анама алғыс айтамын. Олар маған осындай сұлулықты сыйлағанына қатты қуанамын. Ал бірақ уақыт келе ол сұлулықты күтпесе болмайды. Ең бірінші, менің ойымда, адамның ұйқысы дұрыс болуы керек. Екінші кезекте адамның өз ортасында гармонияда болуы. Тағы да бір айтарым, қазақтың қыз балалары тамақты аз жесе екен. Қыз бала болғандықтан, олар өзінің сымбат-сәніне қарау керек қой.   

- Әлеуметтік желіде жақында ғана «Өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан оны Алматыда өткізу керек» депсіз. Бұл сіздің Алматыға деген сүйіспеншілігіңіз бе?

- Мен он күндей Астанада, тағы он күндей басқа жақтарда болдым. Соның өзінде Алматымды сағындым. Кішкентай кезімнің өзінде Алматы туралы түс көретінмін. Қазір Абай көшесінің көпқабатты үйлерінің бірінде тұрамын. Оныншы қабаттан көліктердің ағылып жатқан көрінісінде де бір әсемдік бар. Шетелге барғанымда да, әуежайдан түсе салып, ерекше сезімде боламын. Сөзбен сезімімді жеткізе алмайтын шығармын.

- Әңгімеңізге рақмет! Аман болыңыз!

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

Сурет: Жеке мұрағаттан 

4224 21
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 14 қараша 2012, 16:39
Пікірлер
+0
14 қараша 2012, 17:04

Бір сұхбатында: "Мен өте сұлумын" дегенін оқығам ) Әндері ұнайды, дауысы нәзік. Бірақ сұлумын деп жар салу қаншалықты дұрыс ) :roll:

+0
14 қараша 2012, 17:06

Дым ұнамайтын әншілерімнің бірі

+0
14 қараша 2012, 20:24

сізбен 100%келісемін)))) себебі маған да ұнамайды :)

+0
14 қараша 2012, 17:07

Маған қатты ұнайды. Бұл кісі қазақ қызының жиынтық кейіпкері! Ал! :)

+0
14 қараша 2012, 17:20

Сұлу, дарынды әнші. Әр уақыт жас әрі сымбатты көрінеді!

+0
14 қараша 2012, 17:30

қазақтың қыз балалары тамақты аз жесе екен :lol: :lol: :lol:

+0
14 қараша 2012, 17:49

осы сөздерін Риясыз әңгіме бағдарламасында да айтып еді :lol:

+0
14 қараша 2012, 18:10

Керемет анши, соз жок. Бирак минези барлыгын: сулулыгын,дауысын жауып тастайды, сондыктан маган мулде унамайды....

+0
14 қараша 2012, 18:12

Өз ойы, өз сымбаты, өзіндік мінезі бар қайсар қазақтың қызы.

+0
14 қараша 2012, 19:08

сұлу бірақ, керемет дарынды дей алмаймын!

+0
14 қараша 2012, 20:04

Абай көшесінде тұру менің де арманым. Әсіресе тура осы кісідей 10-қабаттан қарап тұрсам, шіркін...

+0
14 қараша 2012, 20:27

Менің ең сүйікті әншім ғой мынау

+0
15 қараша 2012, 01:55

танымал әншімін дейді ғой! Сулулығына сөз жоқ, бірақ... кеше біреудің "концерт алдында сұхбат алған журналисттер : "қасыңыздағы домбырашы қызды қайдан таптыңыз?" десе, Меруерт: "ахахаааа,сайдааааааааааннннн" дегенін естіп бір күліп алғанмын,,)

+0
15 қараша 2012, 02:11

:lol: өлтірдің!

+0
15 қараша 2012, 05:08

96-98-жылдары Меруерт Түсіпбаева қиял кейіпкері болатын.

+0
15 қараша 2012, 10:50

Маған ұнамайды, бұрын Саят Медеуов айтып жүрген (қазір Ерболат Құдайбергенов айтады) "Сен көріктісің" әнін "Маған арналғандай осы өлең" деп еді бір сұхбатында. Меруертті көрсем сол сөзі есіме түсіп кете береді))

+0
16 қараша 2012, 12:35

әндері жақсы, бірақ өзі безбашаный сияқты. Ойланбай сөйлей салады ;)

+0
17 қараша 2012, 13:16

осында жазып отырғандарымыз оның еңбегінің жартысын да істемедік, сондықтан денелеріңді бос ұстаңдаршы :D

+0
23 қараша 2012, 15:25

"Әрине, ең бірінші мен ата-анама алғыс айтамын. Олар маған осындай сұлулықты сыйлағанына қатты қуанамын. Ал бірақ уақыт келе ол сұлулықты күтпесе болмайды" де отыр ғой, қадімгі өзіміз секілді сабырмен жауап берген. Мақтанып отырғанын көрмедім.

+0
29 қараша 2012, 00:58

Өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан оны Алматыда өткізу керек!!!

+0
01 желтоқсан 2012, 00:10

Алматының өзін сүйгізетін қасиеті бар осы...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...