Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Серке Қожамқұлов - қазақ өнерінің серкесі

Серке Қожамқұлов - қазақ өнерінің серкесі

Серке Қожамқұлов - қазақ өнерінің серкесі

Серке (Сералы) Қожамқұлов 1896 жылы 5 мамырда Қостанай облысы, Қарабалық ауданына қарасты 13-ауылда дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Сералы еді. Бала күнінде анасы Айкүн еркелетіп, «Серкем менің!» деп атаған.

Ол Тройцк қаласындағы медреседе білім алған. Азамат соғысы кезінде Серке Қожамқұлов Әліби Жангелдиннің партизандық отрядында болады. Кейін білімін Орынбор қаласында жалғастырады. Оқу орнында, әскерде белсенділік танытып, әуесқой қойылымдарға қатысты.


1923 жылы оқуын бітіріп, Қостанай қаласында сот тергеушісі болып жұмысқа орналасады. Әйтсе, де, өнерге құштар болып, сахнаны ұмытайды. Мұны байқаған басшылық оны 1925 жылы тұңғыш Қазақ театрына режиссерлік қызметке жібереді. Қазақтың қара шаңырағы саналатын Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының іргесін қалаушылардың бірі болды. Әкем театрда режиссер болып қана қоймай, сахнада Мырқымбай, Қоңқай, Көбікті, Қарабай, Еспембет сияқты образдарды сомдады.


Серке Қожамқұлов қазақ кинематографиясының дамуына сүбелі үлес қосты. «Амангелді», «Ақ раушан», Шәкен Аймановтың «Алдар көсе», «Біздің сүйікті дәрігер» музыкалық комедиясында бой көрсетті.

Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері,  Ленин атындағы екі орден және ІІІ мәртелі Сталин сыйлығымен марапатталған.


Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол сахнамен қоштасқан жоқ. 1979 жылы 25 желтоқсанда ол «Ана-Жер-Ана» қойылымында Ақсақал бейнесін сомдайды. Алты күннен кейін 84 жасқа қараған шағында елінің еркесі Серке Қожамқұлов дүниеден өтеді.

Форумда талқылау

Суреттер yvi.kz сайтынан алынған

5811 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 09 ақпан 2012, 11:05
Пікірлер
+0
09 ақпан 2012, 10:56

Серке Қожамқұлов туралы естелік кітапты оқығанмын. Өнердегі әріптестері ол кісінің өнерге деген адалдығын, еңбегіне деген құрметін екшелеп айтып еді

+0
09 ақпан 2012, 11:58

Өте тамаша актер. Қостанай облысын қанша орыстанған дегенімен қазақ өнерінің дамуына үлес қосқан жандар аз емес.

+0
09 ақпан 2012, 12:50

Менің білуімше, текті ағаның ұрпағы да қазір өнер саңлақтары. Немересі Опера және Балет театрында балерина.

+0
16 ақпан 2012, 14:43

Қысқасы, атына заты сай еліміздің серке азаматтарының бірі екен ғой....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...