Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Қашаған жыраудың айтқандары

Қашаған жыраудың айтқандары

Қашаған жыраудың айтқандары

Қашаған ақынның өткір сықағынан молдалар мен билер қатты қорқады екен. Осыны білетін кедей жігіт Қашағанға келіп:

-Ақын аға, менің жалғыз атымды бай ауылының есер жігіттері  тартып алды. Шағынып Аймағанбет биге барайын десем, ол әлі зорлықшылардың ағайыны көп. Осыған  ақыл беріңізші? – дейді. Сонда Қашаған ақын:

- Шырағым, ныспың кім? – депті.

- Шоңқара.

- Ендеше, бидің алдына бар да арыздың соңынан:

Менің атым Шоңқара,

Қырын келмей, оң қара.

Төрелікті түзу бер,

Туғаныңа соң қара, - дегейсің депті. Сөзден ұтылған Аймағанбет амалсыздан дұрыс төрелік беріп, жігіттің атын қайтарыпты.

***

Өкшесі ойылып, табаны сойылып, қой артында азап шегіп, арып-ашып қойшы бала – Қашаған таяғын жерге шаншып, шапанын күрке етіп жата қалса, көзі ілініп кетеді. Шошып оянып, атып тұрса, қойы ұзап кеткен. Алқына жүгіріп, мал соңына жете бергенде, жел айдаған бір түйеқарын қойды дүрліктіре үркітіп, ұзатып алып кетеді. Ызыланған Қашаған осы жерде іле-шала түйеқарынға өлең шығарады.

— Ассалаумағалайкүм, Түйеқарын,

Адасқан ақылыңнан сен бір жарым.

Келдің де қия шеттен қойды үркіттің,

Алдыңда білмейсің бе ненің барын!?

Түйеқарын сөзіне былайша жауап қатады:

— Уағалайкүмәссалам, Түйеқарын,

Адасқан ақылыңнан, - дейсің, - жарым.

Жол жүріп алыс жолдан келе жатсаң

Алдында білер ме едің ненің барын!?

 ***

Қашаған жыраудың қойшыға айтқаны:

Қой ішінде шұнық қой,

Бауыры толы бұлақ қой.

Жазығы қойшы демесең

Қойды сауып отырған,

Кере қарыс маңдайы

Қыздар сүйер шырақ қой, -

Деп қойшы жігітті әзілдеген екен.

***

Қашаған жырау базардан мәсі сатып алып киеді де, бір байдың үйіне келіп қонады.

Жалдамалы етікші Мұстақ Қашағанға:

— Мәсіңіз өзіңізге лайықсыз екен, — деп қоймапты. Сонда Қашаған былай деген екен:

Мәсімнің басы тарлау, қонышы қысқа,

Саудалап алып едім асығыста.

Болғанмен басы тарлау, қонышы қысқа,

Сипалап ұлтан менен басын ұста.

Мұстақ-ау, өзің ақшаң түгел болса

Былшылдамай, жай отыр к... қыс та.

Аңдамай сөйлеген сазайын осылайша алыпты.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 22 қаңтар, 15:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.