Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Джек Ма тағы да Қытайдың ең бай адамы атанды

Джек Ма тағы да Қытайдың ең бай адамы атанды

Джек Ма тағы да Қытайдың ең бай адамы атанды

Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы және басшысы Джек Ма соңғы 4 жылда 2 рет Қытайдың ең бай адамы атанды. Маның байлығы 1 жыл ішінде 35 пайызға артып, 39,1 миллиард долларға жетіп отыр. 

Тізімнің екінші сатысына Evergrande Real Estate Group компаниясының директорлар кеңісінің басшысы Сюй Цзяинь 36,2 миллиард доллармен жайғасқан. Былтыр Сюй Цзяинь 43 миллиард доллармен Қытайдағы ең бай адамдары көшін бастаған еді. Tencent телекоммуникация компаниясы басшысы Пони Ма 34,8 миллиард доллармен үштікке енген. Ал былтыр Пони Ма 37 миллиард доллармен Қытайдағы ең бай адамдар тізімінде екінші орын алған еді. 

ТАСС ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, Қытайда барлығы доллармен есептегенде 620, юаньмен есептегенде 1893 адам миллиардер. Ал былтыр доллармен есептегенде байлардың саны 647 болған екен. Жалпы алғанда қалталы азаматтардың саны былтырғыға қарағанда 11 пайызға азайған. Оған себеп Қытай мен Америка арасындағы сауда соғысы. Нәтижесінде жалпы тізімнен 456 адам шығып кеткен.

The New York Times басылымы Джек Ма 54 жасқа толған туған күнінен соң өзі негізін қалаған Alibaba Group компаниясын тәрк етіп, енді қайрымдылық пен білім беру жобалары бойынша жұмыс істейді деп мәлімдеген еді. Жақында Alibaba өкілі компаниясының құрылғанына 20 жыл толмай кетпейтіні туралы жазған едік. Хабарларға қарағанда болашақта Джек Ма өз орнын компания бас директоры Дэниэл Чжанға босатып беруі мүмкін.

0
Рейтинг: +0

Фото: telegraph.co.uk
Қосылған күні: 12 қазан, 13:12
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.