Джони Депп 650 миллион долларынан қалай айрылғанын айтып берді

Джони Депп 650 миллион долларынан қалай айрылғанын айтып берді
Фото: businesslocker.digitallpost.com.mx

Атақты актер Джони Депп Лондондағы үйінде журналистке 72 сағаттық сұқбат берген. Актердің айтуынша ол осы уақытқа дейін 650 миллион доллар қаражат тапқан. Ал, бүгінде соншама көп байлығынан бір тиын да қалмапты. Өткен жыл Депп өзінің 1999 жылдан бері қаржылық ісін жүргізген "The Management Group" (TMG) компаниясын сотқа берген.

Депптің айтуынша компания оның байлығын өз пайдасына жұмсап жіберген. Бұдан басқа актерге мәлім етпестен қарындасы Кристиге 7 миллион доллар берген. Ал, TMG ақшаның қайда жұмсалып жатқандығы туралы оған айтып тұрмаған екен. Депп өзі қол қоятын чектерге көбіне қарамайтынын айтады. Компания осы айламен оның ақшаларын жұмсап жіберді деп отыр актер.

Ал, TMG бұл айыпты мойындамайды. Компания мәліметіне қарағанда актер ақшаны молынан жұмсауды жақсы көреді екен. Мысалы: Депп 75 миллионға үйлер, 200 өнер туындысын, 45 көлік сатып алған. Бұдан басқа ол "Кардашьян жанұясы" шоуынан 7 мың долларға диван сатып алған. Әр ай сайын ұшаққа 200 мың доллар жұмсаған. Дәрігерге 1,2 миллион, оққағарларға 1,8 миллион доллар шығынданып отырған екен.

Актер көп ақша жұмсауды жақсы көретінін мойындайды. Мысалы ол компания құжаттарында көрсетілгенідей 30 мың долларға вино сатып алмаған, бәлкім шарап үшін одан да көп ақша жұмсаған.

"Шарапқа айына 30 мың доллар жұмсады деу мені қорлау деп есептеймін. Мен шарапқа айына 30 мыңнан көп жұмсадым", – дейді Джони Депп.

Т. Раушанұлы