Шыңғыс Айтматовқа «Өзбекстанның халық жазушысы» атағын беру ұсынысы түсті

Шыңғыс Айтматовқа «Өзбекстанның халық жазушысы» атағын беру ұсынысы түсті
Фото: vk.com

Ташкентте Шыңғыс Айтматовқа «Өзбекстанның халық жазушысы» атағын беруді ұсынды.

Белгілі өзбек әдебиетшісі, «Манас» жырын өзбек тіліне аударушы және зерттеуші, «Өзбекстан-Қырғызстан» достық қоғамының атқарушы директоры  Зухритдин Исамутинов бастамасымен жүзеге асырылғалы отырған ұсынысқа қатысты ол: «Адамзаттың рухани мәдениетін, өзбек көркем әдебиетін дамытуға, сондай-ақ әлем халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматовқа  «Өзбекстанның халық жазушысы» атағын беру әділ болар еді», – деді.

Президент Шавкат Мирзиёев ұлы жазушы және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын Өзбекстанда атап өту туралы қаулы қабылдаған болатын. 

А. Оралқызы