Әйгілі әртістер мен олардың тарихтағы егіздері

Әйгілі әртістер мен олардың тарихтағы егіздері

Әр адамның екінші егізі болады дегенге қалай қарайсыз? Мүмкін, сізге ұқсас адам бұрын тарихта қалған шығар. Мүмкін, ертеңгі күн сізден аумайтын адам дүниеге келіп те қалар. 

Әрине, бұған егіздердің қатысы жоқ. Тарихтың арғы өткелі мен бергі өткелі арасындағы ұқсастықтар туралы сөз еткіміз келеді. Адамдардың ұқсастығын салыстырғымыз келеді. Бәлкім, мұны клондау деп ойлап қалатын шығарсыз. Бәрі де шынайы. Сондықтан жылы шыраймен қабылдауыңызды сұраймыз. 

Мәселен, Николас Кейдж бен оның егізі. Суреттегі адам танымал болмауы мүмкін. Бір анығы, Америкадағы азаматтық соғысқа қатысқан.

Джастин Тимберлейк бұрынғы бір қылмыскерге ұқсайтын болып шықты.

"Гарри Поттердегі" Руперт Гринт кезінде өмір сүріп кеткен шотландық суретші Дэвид Уилкиден аумайды.

Ал Чак Норрис әйгілі суретші Винсент Ван Гогаға қатты ұқсайды

Брюс Уиллис  болса, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан америкалық генерал Дуглас Макартураны қатты еске салады

Философ Джон Локк оскаршы Эдриан Броудидің қартайған шақтағы бейнесіндей

Актер Хэнк Азария данышпан Рудольф Штайнерге келеді

Күлдіргі Джек Блэк "Севилиялық шаштаразшы" атты классикалық операның басты кейіпкеріндей

"Өткенге оралудағы" («Назад в будущее») Кристофер Ллойд саясаткер Джон Калхуннен аумайды

Актер Энтони Хопкинс данышпен Сократ шалдың бюстының дәл өзі

Киану Ривз балаларға арналған кітаптарды безендіруші француздық өнертанушы Луи-Морис Бутеге келеді.

"Өрмекші адамның" жұлдызы Эндрю Гарфилд марксшіл Лев Троцкийге ұқсайды.


 суреттер:prikol.me; aziza-star.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига