Атақты әртістердің қолтаңбалары

Атақты әртістердің қолтаңбалары
Фото: http://www.avtografiya.ru

Кейде адамдар өзінің 16 жасында алғаш төлқұжатына қойған қолтаңбасына көңілі толмай", өзгерткісі келеді. Өзін есейіп, толысқан адам ретінде ерекше қол қойғысы келеді. Сонда кезде атақты адамдардың қолтаңбасын үлгі ретінде алуға, тура солай көшірмесе де идеясынан жаңа қолтаңба ойлап табуға болады. Бүгінгі кезекте әлемге әйгілі актерлердің қолтаңбаларын ұсынамыз.

Джим Керри (1962 ж) – канада-америкалық актер, күлдіргіш, сценарий жазушы, продюсер.

Одри Хепберн (1929-1993) – британиялық, америкалық актриса, фотомодель, гуманитарлық қайраткер. 

Брюс Ли (1940-1973) – шығыс жекпе-жегінің насихатшысы, актер, режиссер, продюсер, сценарий жазушы.

Мэрилин Монро (1926-1962) – америкалық актриса, әнші

Сергей Безруков (1973) – орыстың кино және театр актері

Алла Пугачёва (1949) – орыстың әншісі, композитор, актриса, режиссер, продюсер.

Чарльз Чаплин (1889-1977) – американың және британияның киноактері, сценарист, композитор, режиссер.

София Виллани (1934) – италиялық актриса, әнші

Ален Делон (1935) француз актері, режиссер, продюсер, сценарист

Марлен Дитрих (1901-1992) – неміс және америка әртісі, әнші

Юрий Никулин (1921-1997) – ресейлік актер, цирк әртісі (клоун).

@. @assel_assanova