Стив Джобстың соңғы хаты

Стив Джобстың соңғы хаты
Фото: YouTube

Стив Джобс – cіз естіген ең табысты адамдардың бірі. Болашақ бизнесмендер немесе кәсіпкерлер оның табыс жолына жиі еліктеп, оның өмірі қызығушылық танытып жатады. «Apple» компаниясы әлемдік нарықта өз орнын алған мекеме болғанына қарамастан, Стив өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оның аурухана қабырғасында қалдырған соңғы хаты табылған болатын. Оның сөздері сіздің сезімдеріңізді бір сілкіндіріп алары сөзсіз.

«Мен бизнес әлемнің шыңына жете алдым. Көптеген адамдардың ойынша, менің өмірім жетістіктің теңеуі.

Бірақ, жұмыстан өзге менің көңіліме қуаныш сыйлайтын ешнәрсе болмағанын мойындаймын. Сонымен қатар, байлық мен үйреніп алған өмірдің міндеті болды.

Қазір аурухана төсегінде жатып, өз өмірімді ойға алдым. Енді түсіндім, мен мақтанған байлық пен жұрттың мақтау сөздері, маған бет бұрған өлімнің алдында өзінің бар мәнін жоғалтады екен.

Қараңғылықта өмірімді сәл ұзартып тұрған құрылғының жасыл түсіне, менің өмір сүріп жатқанымды дәлелдейтін мына дыбыстарға қарап өлімге бір табан жақын қалғанымды сеземін. Енді байлықтан өзгені ойлайтын уақыт келді.

Өмірде біз ойлағаннан да маңызды дүниелер бар. Бәлкім, біреулер үшін бұл қарым-қатынас шығар, ал кебіреулер үшін бұл өнер немесе бала арманы...

Табыстың ізіне түсіп алып, оны үздіксіз қуалайтын болсаңыз, бір күні қуыршаққа айналасыз. Бұл – менің дәл қазіргі жағдайым. Бізге әу бастан-ақ сезім берілген, онымен жақындарымызбен бөлісуіміз керек.  

Өмір бойы жинаған байлықтың ешқайсысын өзіммен алып кете алмаймын. Өзіммен тек, махаббатпен жасалған тәтті естеліктерді ғана бірге ала кетемін.  Міне, сол ғана сіз артынан еруге тиісті, сізге күш беретін, қуаттандыратын  нағыз байлық болуы тиіс.

Махаббат шексіз арақашықтықтардың өзін қиылыстыра алады. Өмірде шекара жоқ. Биіктерді қаласаңыз, бағындырыңыз. Жүрегіңіздің үніне құлақ асыңыз. Мұның бәрі – өзіңіздің қолыңызда.

Ақшаңыз болса, сіздің орныңызға көлік жүргізетін, үйіңізді жинап, жұмысыңызды атқаратын адамдарды жалдай аласыз. Бірақ, ауруды ешкім өзіне алмайды.

Біз жоғалтып алған материалды, құндылықтарды кез келген уақытта кері қайтара аламыз. Бірақ, егер жоғалтсаңыз, табылуы қиын нәрсе бар: ол – өмір.

Қазір жасыңыз нешеде, өмірде қандай жетістікке жеттіңіз маңызды емес. Бәріміздің жер астына түсетін күніміз туады. Одан қашып құтылу мүмкін емес.

Сіздің қазынаңыз – отбасыңызға деген махаббатыңыз, сүйіктіңізге деген сезіміңіз, жақын жандарға деген қамқарлық, достарыңызға деген адалдық....Өзіңізді күтіңіз»

Т. Есқали