Шоқан Уәлиханов және математика

Шоқан Уәлиханов және математика
Фото: vk.com

Кадет корпусында оқып жүргенде математика пәні Шоқанға қиын соғады. 

Оқытушылар да бұл жайды ескеріп, шәкіртке кешіріммен қарайды. Бірде сыныптар инспекторы Ждан-Пушкин бөлмеге кіріп келсе жапатармағай тақтаға есеп шығарып, емтиханға дайындалып жатқан оқушыларды көреді. Тек Шоқан ғана кластың түкпір жағында төбеге көзін қадап, өзінше ойға батып отыр дейді. Ждан-Пушкиннің:

− Уәлиханов! Сіз неге дайындалмай отырсыз? − деген сауалына Шоқан еш тосылмай былай деп жауап береді: 

− Өзгелерге ұқсап дайындалып жатсам, өзімді-өзім келеке еткенмен пара-пар болар еді. Жыл бойы оқытушы тәптіштеп айтқан ғылымды ойға сіңіре алмағанда, айналдырған екі-үш сағаттың ішінде қосымша ұстаздардың айтқанын қайтіп меңгерем?!

Шыншыл жауапқа іштей риза болған инспектор Шоқанды өз бөлмесіне ертіп апарып, қолына кадеттерге оқуға тыйым салынған «Современник» журналының жаңа санын ұстатып еді дейді. Тағдыр кейін Шоқанды сол «Современник» журналын шығарушы орыстың озық ойлы зиялыларымен етене жақын етті.

@. @assel_assanova