Шәкәрімнің өзіне Мұтылған деп ат қоюында не мән бар?

Шәкәрімнің өзіне Мұтылған деп ат қоюында не мән бар?
Фото: Slides.kz

Шәкәрім өзіне-өзі «Мұтылған» деп ат қойған. Біздіңше, бұл псевдоним. Мәселенің байыбына барсақ, ақынның өзіне осылайша ат қоюында мән бар. Оның дәлелін «Мұтылғанның өмірі» деген толғау-өлеңнен табамыз.

Жаралы жаным шықсын деп,

Қара жер мені жұтсын деп,

Өлген соң елім мұтсын деп,

Атымды қойдым: «Мұтылған».

Шәкәрім өзінің белгілі бір кезеңдерде ұмытылатынын көре білген. Өзінің бұл қоғамға қажетті жағын, дұрысын айтқанда, бұл заман оны керек етпейтіндіктен ұмыт болатынын ақын дөп басып айтқан.

... Ұмыт болу деген тарихтан, халық санасынан мүлдем жойылу емес. Ел өзінің есін жиған кезінде ұрпағы есіне алатынына сенім білдіру. Сол үшін Шәкәрім өз ғұмырын тиянақты түрде өлең етіп жазып қалдырған. Бұл ес жинағанда елі ұмыт болғандарды есіне түсірсін деген ниет.

«Мұтылған» философиясынан үзінді, Ғарифолла ЕСІМ

Енді осы «Мұтылуды» Виктор Франклдің философиясы бүй деп түсіндіреді.
Кісі назарын маңызды объектіге қадап, өзін ұмыта алады. Бұл нығыметті адамның көп қасиетінің бірі деп те қараймыз. Адамның ноологикалық қабаты (рухы) өзін рефлекция жасамайды. Тұрған жерін білдірмейді. Өзін көрсетуді мақсат етсе, көр соқырға айналады. Оны гиперрефлекция деп атайды. Адам өзін ұмыта алмай, уайымдаған сайын өмірі күрделеніп, жүйкедегі невроз асқынады.

Ырысбек Дәбей
Facebook парақшасынан

@. @assel_assanova