Нұрсұлтан Назарбаевтың өнегелі сөздері

Нұрсұлтан Назарбаевтың өнегелі сөздері
Фото: Tengrinews.kz

Президенттің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы қазақстандықтар үшін бір сәттік көз жүгіртіп өтетін дүние емес. Ондағы әрбір айтылған ойлар мен сөздер, сөйлемдер маңызды. Себебі нақты әрі жетер жеріне жеткізіп отырып айтылған идеялар мен тапсырмалардың салмағы ауыр. Сіздерге басты тақырыпты ашатын дәйексөздерді теріп ұсынып отырмыз. Мақаладағы сөздер келер ұрпаққа рухани азық болары анық. Ендеше Нұрсұлтан Назарбаевтың өнегелі сөздерін оқып көрейік. 

Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы. 

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері.

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды.

Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.

Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.

Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды.

Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.

М. Ақан