Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Бүгін – ақындық өнердің өзгеше өкілі Бродский туған күн

Бүгін – ақындық өнердің өзгеше өкілі Бродский туған күн

Бүгін – ақындық өнердің өзгеше өкілі Бродский туған күн

Иосиф Александрович Бродский (24 мамыр 1940 жыл, Ленинград, КСРО — 28 қаңтар 1996 жыл, Нью-Йорк, АҚШ) –  ақын, эссеист, драматург, аудармашы, сондай-ақ, 1987 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері.

Көп жағдайда өлеңді орыс тілінде, ал эссеистиканы ағылшын тілінде жазған. Орыстың ұлы ақыны.

Жарық дүние есігін Кеңес Одағы топырағында ашқанымен, туған жерінен Америкаға қудаланған ақын тұлға ретінде Тынық мұхитының арғы жағында қалыптасқан болатын.

1987 жылы Бродский әдебиет бойынша “тұтас дүниені қамтыған шығармашылығы мен мөлдір ойға қанық, поэзиясы” үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанған кезде өзінің шығу тегіне байланысты қойылған сұраққа ақын: “Мен евреймін, орыс ақыны және ағылшын эссеисімін” -деп жауап берді.

КСРО-да қайта құру бастау алған шақта Бродский туралы мақалалар жазылып, кітаптары шыға бастады. 1995 жылы оған Санкт-Петербургтің Құрметті азаматы атағы берілді, ал 2005 жылы осы қалада ақынның Ресей жеріндегі тұңғыш ескерткіші пайда болды...

Алғашқы өлеңдерін Иосиф 16 жасында жаза бастаған. Оған Борис Слуцкийдің өлеңдер жинағын оқығаннан кейін кешкен күйі әсер етіпті. 1959 жылы Евгений Баратынский шығармашылығымен танысқан жас ақын өзін осы өнерге арнайтынына нық сенімді болады.

1960-жылдары Иосиф Александрович ағылшынның метафизик ақыны Джон Донн туындыларымен танысады. Кейін Бродский шығармашылығы осы Донн мен басқа да метафизик ақындар мектебіне тән ерекшелік негізінде құрылды. Олар кончетти-метафоралар ( итал.тілінен – “түсінік”) деп аталады.

1963 жылы 29 қарашада “Вечерний Ленинград” газетінде “Окололитературный трутень” хаты жарияланғаннан кейін 1964 жылы Иосиф Александрович “арамтамақтық туралы” заң (“тунеядство”) бойынша сотталып, Архангельск облысындағы  Норинская ауылына жер аударылады.

Ақынның “Шум ливня...”, “Песня”, “Зимняя почта”, “Одной поэтессе” өлеңдері айдауда жүрген жылдары жазылған.
Бродскийдің бақытына орай, Ахматова, Маршак, Шостакович және басқа да өнер адамдарының араша түсуімен жас ақын түрмеде өткізуі керек болған 5 жылдың орнына 1,5 отырып, Ленинград қаласына қайта оралады.  

1972 жылы Иосиф Александрович Бродский КСРО-дан АҚШ-на қоныс аударады. Жаңа мекенде оның бойына біткен талантын бірден мойындайды. Кез-келген шығармашылық адамы үшін ең маңызды дүние саналатын әдебиетпен шұғылдану еркіндігін алды.

1974 жылдан бастап Бродский Америкада бірден 5 колледждің профессоры атанады. Кейін мұны естіген Маунтин-Холиока университетінің директоры оны өз оқу орнына славистика, яғни, славянтану пәнін жүргізуге шақырады. Бір қызығы, Бродский мектепті 15 жасында тастап кеткен және оның ешқандай да дипломы болмаса да, ақын ұстаздық қызметке үлкен жауапкершілікпен қараған.

Оның сабақ беру тәртібі ерекше болатын. Бродский ешқашан лекция жоспарын дайындап және студенттерге конспект жаздырып көрмеген. Ол бар болғаны өзі білетін, жанына жақын ақындар мен жазушылар туралы әңгімелеп отыратын. Бродскийдің лекцияларында кофе ішуге, тіпті, шылым шегуге де рұқсат етілген.

Ұстаздық қызметі барысында өз көңіліне қаяу түсірер жағдаймен жиі ұшырасып қалатын. Ол америкалық жастардың сауатсыздығы еді. Бір күні ашуға булыққан лектор сабақ беріп отырған жерінен жазу машинкасына “Әркім оқып шығуы тиіс кітаптар тізімі” деген атаумен тізім жасап, студенттер қолына ұстатқан екен. Бродский ұсынған тізімді осыған дейін “Ұлылар ұсынған кітап тізімі” желісі бойынша жазылған мақалалардың бірінде ұсынған болатынбыз.

Осылайша, жанына жақын дүниемен еш сескенбей айналысу мүмкіндігіне ие болған дарын иесі үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, есімі өшпестей із қалдырды.

Иосиф Бродский 1996 жылы 28 қаңтарда Нью-Йорк қаласында көз жұмды. 55 жасында бақилық болған ақын денесі Венецияда жерленген.

Ақынды өлеңсіз еске алу дұрыс болмас. Сондықтан, Бродский шығармашылығынан 3 өлең ұсынамыз. Қолтаңбасы елден ерек, болмысы бір төбе Бродский шығармашылығын өзге тілге аудару түгіл, оны түпнұсқасының өзін де ұғыну оңай дүние емес. "Поэзия — барлық эпитеттерді бір сәтте төңкере салатын ерекше құбылыс. Оның қара нәсілділер, ақтар немесе үндістер поэзиясы деп бөлінбейтіні сияқты, феминистік немесе шовинистік түрлері де болмайды. Ол  не поэзия, не поэзия емес"- деп автордың өзі айтқандай орыс тілінде болса да, поэзияның аты поэзия.

Ниоткуда с любовью, надцатого мартобря… 

Ниоткуда с любовью, надцатого мартобря,
дорогой, уважаемый, милая, но не важно
даже кто, ибо черт лица, говоря
откровенно, не вспомнить уже, не ваш, но
и ничей верный друг вас приветствует с одного
из пяти континентов, держащегося на ковбоях.
Я любил тебя больше, чем ангелов и самого,
и поэтому дальше теперь
от тебя, чем от них обоих.
Далеко, поздно ночью, в долине, на самом дне,
в городке, занесенном снегом по ручку двери,
извиваясь ночью на простыне,
как не сказано ниже, по крайней мере,
я взбиваю подушку мычащим «ты»,
за горами, которым конца и края,
в темноте всем телом твои черты
как безумное зеркало повторяя.

Я вас любил
Я вас любил. Любовь еще (возможно, 
что просто боль) сверлит мои мозги. 
Все разлетелось к черту на куски. 
Я застрелиться пробовал, но сложно 
с оружием. И далее, виски: 

в который вдарить? 
Портила не дрожь, но задумчивость. 
Черт! все не по-людски! 
Я вас любил так сильно, безнадежно, 
как дай вам Бог другими … но не даст! 
Он, будучи на многое горазд, 
не сотворит — по Пармениду — дважды 
сей жар в крови, ширококостный хруст, 
чтоб пломбы в пасти плавились от жажды 
коснуться — «бюст»… зачеркиваю — уст.

 Postscriptum

Как жаль, что тем, чем стало для меня 
твое существование, не стало 
мое существованье для тебя. 
...В который раз на старом пустыре 
я запускаю в проволочный космос 
свой медный грош, увенчанный гербом, 
в отчаянной попытке возвеличить 
момент соединения... Увы, 
тому, кто не способен заменить 
собой весь мир, обычно остается 
крутить щербатый телефонный диск, 
как стол на спиритическом сеансе, 
покуда призрак не ответит эхом 
последним воплям зуммера в ночи. 

1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: instagram.com
Қосылған күні: 24 мамыр 2017, 16:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.