Әл-Фарабидің патшаны мойындатуы

Әл-Фарабидің патшаны мойындатуы
Фото: YouTube

Ғалымның аңызды өмірбаянында мынадай оқиға бар. Фараби тақта отырған патша Сейф әд-Дәуләнің сарайына кіргенде, оған жайғасуын сұрайды. Ғалым: «Өзімнің дәрежеме сай отырайын ба әлде сенің мәртебеңе сай ма?» – деп сұрапты. Патша оған: «Өзіңнің дәрежеңе сай отыр», – деп жауап беріпті. Фараби барлық әмірлерден өтіп, патшаның өзін ығыстырып, таққа отырған екен.

Сейф әд-Даулә санаулы адамдар ғана білетін құпия тілде оққағарларына бірнәрселер түсіндірген болып, ғалымдарына: «Мына шейх әдептілік ержелерін аяқ асты етті. Қазір оның білімін тексеріп көремін. Егер ол жауаптарымен мені қанағаттандырмаса, онда сендерге белгі беремін. Сендер оны жазалайсыңдар», – дейді.

Фараби бұл сөзді естіп, сол тілде: «Уа, патша! Аз ғана сабыр етіңіз. Істің ақырына қарап баға берер болар», – деп айтады. Кейін патшаның алдында жиналған түрлі білімнің шебер мамандарымен ғылыми пікірталасқа түсіп, нәтижеде олардың барлығын мойындатыпты.

Сейф әл-Дауләнәнің Фарабиге құрметі ерекше болған. Ол ғалым үшін сарайда барлық жағдай жасауға әзір тұрған, бірақ Фараби қанағатшыл және барына шүкір ететін жан еді. Сондықтан патшадан күніне төрт дирһамды құрайтын жалақыны ғана қабыл алған. 

@. @assel_assanova