Отандық өнер адамдары туралы деректі сериалдар циклы шықпақ

Отандық өнер адамдары туралы деректі сериалдар циклы шықпақ

Енді қазақстандық арналарда отандық өнер адамдары туралы деректі сериалдар циклы көрсетілетін болады. 

Түсірілім үшін ресейлік атақты режиссер Александр Замыслов шақыртылыпты. Оның айтуы бойынша, қазіргі таңда деректі сериалдардың алтауы дайын тұрған көрінеді. 

Аталған жобада қайраткерлердің бастарынан өткен өмір шырғалаңдары мен қызықты сәттер, мәңгілік махаббат секілді ұлы сезімдер тарту етіледі.

Бұрын-соңды Болат Аюхановтың жас кезде жыртық шұлықпен балетке барғанын қайдан көріп, естіп едіңіз. Әйтпесе, Асанәлі Әшімовтің қатарынан бірнеше достары мен отбасындағы бірнеше жаннан қол үзіп қалғанда, қалай ес жинап, еңсе көтергені турасында талай шындықтың куәсі боласыз.

Айта кететін болсақ, бұл Александр Замысловтың Қазақстанда жүзеге асырып жатқан бірінші жобасы емес. 2010 жылы "Нұрсұлтан. Президенттің үлкен ойыны" атты деректі киноны түсіріп шыққан болатын.

сурет:film.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига