Димашқа қандай қыздар ұнайды?

Димашқа қандай қыздар ұнайды?
Фото: ent.takungpao.com

Қытайлық БАҚ Димаш Құдайбергенмен жүргізген сұхбатты жариялады. Онда ол өмірлік жарын таңдауда қыздың қандай қасиетіне мән беретінін айтты, - деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

- Оның мінезі жақсы болу керек. Сіздер менен артығырақ жігіт табасыздар деп ойлаймын, - деп жауап берді ол қандай қыздар ұнайды деген журналистердің бірінің сұрағына. Кейіннен Димаш мінезі «жақсы» деген сөз «адал, кішіпейіл, тәрбиелі» деген мағынаны білдіретінін нақтылады.

Әнші төртінші кезеңге дайындалған кезде қытай тілінде ән жаттап,  талай ұйқысыз түндер мен күндерді басынан өткізгенін хабарлады. «Қытай тілі әлемдегі ең күрделі тіл», - деп атап өтті Димаш Құдайбергенов.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайдың «Хуанцю шибао» басылымы Димаш Құдайбергеннің қызы бар екені жайлы ақпарат жариялаған еді.

Қазақстандық әнші екі апта қатарынан Аспан асты еліндегі танымал жұлдыздар рейтингінде көш бастап тұр. Ол Интернетте оның есімін іздеу, ол туралы мәлімет іздеу, видеосын көру, телевизиялық рейтингті есепке алып жасалады.

Дереккөз: inform.kz

О. Сансызбай