Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Терминатор атышулы автобиографиялық мемуар жазып шықты

Терминатор атышулы автобиографиялық мемуар жазып шықты

Терминатор атышулы автобиографиялық мемуар жазып шықты

«Голливуд гроссмейстері», 70, 80, 90-жылдардың ең жарық жұлдызы Арнольд Шварценеггер өз өмірінен естелік жазып шықты. Естелік АҚШ-та 1 қазаннан бастап сатылымға түсетінін The Daily Telegraph хабарлайды.

Бұрынғы губернатор «Бәрін де еске алу» автобиографиялық мемуарында тіпті өз әйелінен құпияда сақтап келген сырын ашты. «Менің адам сенгісіз өмірім жайлы ақиқат» деп басталатын еңбегінде оның сан қырлы өмір кезеңдері толықтай айтылған екен. Актер арманына қалай қол жеткізгені және саясаттағы рөлі туралы әңгімені былай қойғанда, оның өз үй жұмысшысымен қандай байланыста болғаны туралы баяны бар әлемді дүрліктірді. Некесіз туған баланың жай-күйі туралы үлкен құпиясы да аталған автобиографиялық мемуарында әйгіленген. Киножұлдыздың зайыбы Мария Шрайвер бұған дейін сұмдықтың бетін ашпақ болғанда да нақты жауап болмаған екен. Кейіннен белгілі болғандай, Шварценнегер психотерапевт алдында ар-намысты шеткері қойып, бәрін де жария еткен.  

Естеріңізге сала кетсек, жұлдызды жұп дәл сол кезде, яғни 2011 жылы ажырасу туралы мәлімдеме жасаған болатын. 25 жыл бойы тонның ішкі бауындай тату өмір сүрген жұптың артында төрт бала қалды. Темірді теуіп үзетін Терминатор әйелінің алдында кешірім сұраған. Алайда,  Шрайвер ханым әлі де ашу үстінде көрінеді.

Ақиқатыңызға алғыс, Арни мырза, мемуарыңыз құтты болсын дейміз.

Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

сурет: dni.ru 

464 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2012, 15:30
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2012, 15:20

темір ұстаған жігіт қалам ұстаса не болды. Сұмдық-ай!

+0
26 қыркүйек 2012, 15:41

Арни бала кезіміздің кумирі ғой, соған қарап спортқа келгендер қаншама. Қайтсе де, Арнидің еңбегін ешкім қайталай алмай жүргені шындық. Ал жеке басының мұң-мұқтажы өз көңілінде

+0
26 қыркүйек 2012, 17:48

осындай біреудің өмірін оқи алмаймыншы лучше киносын көре салған

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев