Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың соңғы туған күні

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың соңғы туған күні
Фото: forbes.kz

Осыдан 105 жыл бұрын (1912) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы ҚОНАЕВ Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) дүниеге келді. Ұлы тұлға, ұлт мақтанышының соңғы туған күніндегі бейнесін назарларыңызға ұсынамыз.

Біртуар азамат əнші Роза Рымбаеваны беріле тыңдап отыр... 

Қонаевтан қалған асыл сөз

Үйлену, үй болу – есті жігітке бір-ақ берілетін бақыт.

Өмір – теңіз... Ол үнемі құлаққа ұрған танадай тып-тыныш қалыпта тұрмайды. Дауыл тұрған кезіне тап болсаң, асау толқындар түпсіз тұңғиыққа да батырады, жағалауға да лақтырып тастайды. Онда соған шыдас бергендер ғана ғұмыр кешеді. 

Ақиқаттан аттауға болмайды. 

Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді. 

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Сыпайылық кiшiлiктен ғана емес, кiсiлiктен де туады.

Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан төмен екенімді ұмытқам жоқ.

Елдің намысын қара басының бір күнгі рақатына айырбастап кетуден асқан сатқындық болмас.

Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

Ж. Жұмағұлов