Назарбаев "Түнгі студияда" бағдарламасына қонақ болды

Назарбаев "Түнгі студияда" бағдарламасына қонақ болды
Фото: tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев "Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев" бағдарламасының қонағы болды.

Бағдарламаның Instagram желісіндегі парақшасында мемлекет басшысы мен шоу жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың суреттері пайда болды. Бағдарламаның көрсетілімі қай күні берілетіні айтылмаған. 

"Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев" – кешкі әзіл бағдарламасы, мұнда қонаққа белгілі саясаткерлер, спорт саңлақтары және шоу-бизнес өкілдері келеді. Бағдарламаның жүргізушілері барлық салада сөз қозғап, қонақпен жеңіл түрде тілдеседі. Сонымен қатар, кеш қонақтары көрермендердің бағдарламаға жіберілген сұрақтарына жауап береді. Бағдарлама аптаның төрт күнінде көрсетіледі. Оның жүргізушісі бұрынғы КВН ойындарының майталманы - Нұрлан Қоянбаев.

Осыған дейін, Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg News ақпарат агенттігіне және "Россия 24" телеарнасына сұхбат берген болатын.

kaz.tengrinews.kz

B. ZHAQSYMBET