Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Шәмші сүйген арулар

Шәмші сүйген арулар

Шәмші сүйген арулар

Қазақ халқының сүйікті перзенті, ұлттық әннің тұтас бір дәуірі мен әлемін жасаған Шәмші Қалдаяқұлы туралы сіздермен бірге аз әңгіме айтқан жоқпыз. Ал бүгінгі тақырыбымыз қазақ вальсі королінің өмірбаяны немесе оның шығармашылығы емес, оның жүрегі сүйген, оның әндеріне арқау болған арулар болмақ.

Жұбайы Жәмила. Бірде жолдастары Шәмшіден Жәмила туралы сұрапты. Сонда Шәмші: «Ой, Жәмиладай асыл адам жоқ қой. Бұрқ-сарқ етіп қирата келеді де, артынша бәрін ұмытады. Аңқылдақ қой, аяулым. Мен Жәмиланы осы мінезі үшін сүйемін де, сол мінезі өзгеріп кете ме деп қорқамын» деген екен. Тіпті, көзі тірісінде: «Жәмила, менің барлық әндерім саған арналған. Әндердің шын иесі өзіміз ғой. Барлығы да сенің әндерің» деп айтып кеткен екен деседі.

Сағыныш. Шәмші айтады: "... Мен талай әдемі әйелге ғашық болдым. Тез тұтанып, тез сөнген кездерім көп. Бірақ оған деген сезімім, міне, 27 жылдан бері сол қызуын сөндірмей, жанымды жылылыққа, сағынышқа бөлеп келеді. 27 жылдан бері біздің байланысымыз бір сәтке де үзілген емес. Менің мына дімкәс жүрегіме қуат беріп, демеп келе жатқан да сол Сағыныштың сағынышы шығар... Иә, оның есімі – Сағыныш еді.

Желбіреген гүлдей,
Жеке шыққан күндей,
Сағынышым, жайнап тұршы алдымда... Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған «Сағынышым» әнінің бас кейіпкері де – Сағыныш.

Сазгердің досы, танымал журналист Рыстай Артықбаев Сағыныш туралы былай дейді: "Бір көргенде ол қара торы ғана, бойы аласа келген келіншек еді. Әңгімелескен адамына күлімсіреп қарайды екен. Шәкеңе әсер еткен, әсіресе оның ән салып тұрғандай, сырнайдай сызылта шығатын жіңішке даусы еді..."

Қазір Сағыныш апамыз Ташкентте тұрады. Кейінгі ұйымдастырылған Шәмшінің ән-кештеріне, фестиваліне Жәмила апамызбен бірге Сағыныш та қатысып жүр.

Шарипа. «Дүнген қызы» әніндегі ару да шынайы өмірде бар. Есімі – Шарипа. Осы әннің сөзін жазуға Ш.Қалдаяқов Мұхтар Шахановқа келеді, бірақ ол бас тартқан соң, Нұрсұлтан Әлімқұловқа, кейін Сабырхан Асановқа сөзін қайта жаздырады. Шәмші Қалдаяқов Жамбыл облысының дүнгендер ауылында 17-18 жылдай тұрады. «Дүнген қызы» да сол жерде кездестіріп, ұнатқан қызына арналған.

Изольда.

Толқысын шартарап, тасышы, тебіренші,
Ей, гитара!
Оу, жан серігім,
Төгілсін күй тарап!
Жаның тарықпасын, 
Ән шарықтасын! Иә, сіз дәл таптыңыз! Біздің айтпағымыз – Сыған қызы Изольда еді...

«Шәмші» журналының бас редакторы Қалдыбек Құрманалы сазгер туралы өзінің журналға жарияланған сұхбатында Изольданың бар екенін, бұл жөнінде оның нағашы апасынан білгендігін айтады. Изольдаға хат жазып, хабарласып, тауып алатындығын да айтқан. Сонымен қатар сұхбатының соңында Тоқтар Серіковке «Сыған серенадасы» әнін орындатып, Изольданы әнсүйер қауымға таныстыруды жоспарлайтынын келтірген.

Біз айтып өткен нәзік жандар Шәмші сүйген арулар ғана емес, қазақ сүйіп тыңдайтын әндердің кейіпкерлері. Сондықтан аңыз аруларымызды біліп жүру ешқашан артықтық етпейді.

Сурет: fxfp.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 қыркүйек 2012, 22:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.