Атақты суретші Байтұрсын Есжанұлы 70 жасқа толды

Атақты суретші Байтұрсын Есжанұлы 70 жасқа толды
Фото: massaget.kz

Бүгін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дарынды суретші Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлының 70 жасқа толған мерейлі мерекесі тойланды. 1946 жылы дүниеге келген талантты тұлға осы уақытқа дейін өткізген өмірінде біршама белестерді бағындырып үлгерген. 32 жасында академия табалдырығын жұмысшы ретінде аттаған Байтұрсын Есжанов өзінің 38 жыл ғұмырын осы оқу орнына арнаған.

Аталған шарада бірінші болып сөз алған академия ректоры Бибігүл Нұрғалиқызы суретшінің толағай табыстарын тілге тиек етіп, көптеген алғыстар мен құттықтаулар жазылған папканы табыс етті. 

 

Жиында тек қазақстаннан ғана емес, көршілес Ресей, Қырғызстан сынды елдерден ыстық ықыластар мен құттықтауларды қабылдаған Байтұрсын Есжанов Ресей суретшілер одағының медалімен де марапатталды.

 

Елімізге танымал дәстүрлі әндерді орындаушы Рамазан Стамғазиев сахнада Кенен Әзірбаевтың шығармаларын орындап, халықты бір серпілтіп тастады.

 

Сондай-ақ еліміздің алтын дауысы саналатын Нұрғали Нүсіпжанов пен онымен үзеңгілес біршама тұлға кештен бой көрсетті. 

 

B. ZHAQSYMBET