Франклиннің 13 ұстанымы

Франклиннің 13 ұстанымы
Фото: bogushtime.com

Бенджамин Франклин – АҚШ тарихындағы Тәуелсіздік Декларациясы, Конституция және Версаль бейбітшілік келісімі деген негізгі үш құжаттың барлығына өз қолын қойған жалғыз адам. АҚШ Тәуелсіздігі үшін күрескен көшбасшылардың бірі.

Бүгінде әлемдік нарықтағы ең өтімді әрі айналымға көп түсетін ақша – АҚШ доллары. Дәл сол ақшаның бетінде бейнеленген келбетті суреттеп танығанымен, ол жайында білетіндер саны аз. 1914 жылдан бастап АҚШ-тың 100 долларлық ақша белгісінде Бенджамин Франклиннің суреті бейнеленіп келеді.

Осынша атақ пен даңқтың шыңына жету жолында өзіндік азамат ретінде Бенджамин 13 қағиданы берік ұстана отырып, алда болатын 13 аптаға жоспар жасай  білген әрі оны жүзеге асырған.

Ұстамдылық. Тойғанша жеме, есіңді жоғалтқанша ішпе.

Тазалық. Арың мен абыройыңды, киіміңді әрі табалдырығыңды кірлетіп алудан сақтан.

Жинақылыққа деген махаббат. Әр затың орнында тұрсын. Әр ісің уақытымен орындалсын.

Жан тыныштығы. Сократтан үлгі ал.

Шешім қабылдай білу. Қолыңнан келетін іске ғана кіріс, ал шешім қабылдап қойған екенсің, аяғына дейін атқар.

Сақтана білу. Өзіңе не өзгеге пайдасы келетіндей іске ақша бөл. Бос нәрсеге шашыла берме.

Еңбексүйгіштік. Уақытыңды босқа өткізбе. Пайдалы іс тауып сонымен айналыс. Керегі жоқ істің бәрін сырып қой.

Шынайылық. Өтіріктің балшығына батып кетпе, ойың мен мақсатың шынайы болсын, айттың ба орында.

Адал бол. Адамдардың көңілін қалдырма. Жақсылық жасаудан бас тартып, өзіңді қарыздар етпе.

Байыпты бол. Ешқашан кек сақтама. Ашу шақыратын жағдай туғанның өзінде ойыңнан шығарып тастауға тырыс.

Сабырлы бол. Кенеттен туған болмашы әрекеттер үшін алаңдама.

Данышпандық. Әр нәрседе ақылмен жол табуға тырыс, әсіресе, денсаулық мен ұрпақ жалғастыруда.

Аз сөйлеу. Өзіңе не өзгеге пайда тиер мәні бар сөз ғана айт.

М. Ақан