Миллиардерлердің алғашқы жұмысы

Миллиардерлердің алғашқы жұмысы
Фото: Өңделген

Тақыр жерден тау тұрғызу үшін біраз уақыт қажет. Ешкім де іштен туғанда кемеңгер болмайды. Уақыт пен тәжірибе арқылы ғана жетістікке жеткен миллиардерлер алғашқы жұмысын кім боп бастады, өткенге көз жүгіртейік.

Уоррен Баффет – тарихтағы өте атақты қайырымды жан. Табысы: $72,3 млрд. Ол алты жасынан бастап америкалық отбасылардың есігін қағып, сағыз сатқан. Таңертеңгілік газет таратып та үлгерген.

Стив Балмер – Microsoft компаниясының бұрынғы бас директоры. Табысы: $21,5 млрд. Бала кезінде сыгныптастарының мазақтағанынан қарамастан, Duncan Hines' Moist & Easy Cakes and Brownies атты кондитерлік өнімдер шығаратын наубайханада менеджер ассистенті қызметінен бастаған.

Бүгін біз күн сайын қолданатын WhatsApp желісін құраушы Ян Кум өмір жолы көптеген адамға жігер береді. Табысы: $6,8 млрд. АҚШ-тағы иммиграциядан кейін Ян анасына рак ауруымен күресуге көмектесті. 16 жасында азық-түлік дүкенінің еденін жуу қызметін атқарды. Yahoo-дегі жұмысы үшін колледждегі оқуын тастады. Оның бұл жанкештілігі қазіргі бизнес бастаушыларға мотивация береді.

Марк Цукерберг – Фейсбук әлеуметтік желісінің негізін салушылардың бірі екенін бәріміз білеміз. Ол барлық ережеге қайшы келді. Себебі кәсіби тұрғыда ешжерден сүрінбей-ақ, жетістікке өз күшімен қол жеткізді. Әлі сол ең алғашқы жұмысында қызмет атқарып келеді.

@. @assel_assanova