Forbes әлемнің ең беделді 100 әйелін анықтады

Forbes әлемнің ең беделді 100 әйелін анықтады

Forbes журналы әлемдегі ең беделді 100 әйелдің жыл сайынғы рейтингісін жариялады. Бұл жылы да көш тізгінін Ангела Меркель ұстады. 

Германия елінің канцлері Ангела Меркель осымен алтыншы рет осы тізімнің көшін бастады. Сонымен қатар, ол төрт жыл қатарынан ең беделді саналған болатын, алайда 2010 жылы көш тізгінін Мишель Обамаға беріп қойған еді. Айта кетсек, АҚШ елінің бірінші ханымы ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша тек жетінші орынға қол жеткізген. Сондай-ақ, АҚШ-тың мемлкеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзінің отандасын артта қалдырып, екінші орынға табан тіреді. Ең беделді ханымдардың үздік үштігін Бразилия президенті Дилма Руссефф аяқтады. 

Топ-100-дің төртінші орны атақты кәсіпкер, Microsoft корпорациясының негізін салушы Билл Гейтстің жары Мелинда Гейтске бұйырды. Медиабизнес өкілдері де шетте қалмай беделді әйелдер рейтингісінен көріне білді. Айта кетсек, The New York Times газетінің бас редакторы Джил Абрамсон - 5-орын және Huffington Post-тың бас редакторы Арианна Хаффингтон - 29-орыннан көрінді.

Аталған рейтингке енген ең  беделді жас әйел болып 26 жастағы американдық әнші Леди Гага танылды. Ол тізімнің 14-орнынан көрінді. Ал ең егде қатарында 86  жастағы Ұлыбритания королевасы Елизавета ІІ (26-орын) тұр.

Алғаш рет осы тізімге кірген нәзік жандылардың ішінде Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобстың жары Лорин бар. Ол 49-орынға тұрақтады. 

Жалпы Forbes журналы жасаған рейтингке 8 мемлекет басшысы және алып компаниялардың 25 жетекшісі кірді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: novostiua.net

Ж. FM