Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Белгілі журналист дүние салды

Белгілі журналист дүние салды

Белгілі журналист дүние салды

Алматыда танымал журналист Азамат Қалымбетов дүниеден озды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге қарағанда А.Қалымбетов ұзаққа созылған мидағы ісік салдарынан қайтыс болған. 

Журналистің әпкесі Наталья Қалымбетованың айтуынша, Азамат біраз уақыттан бері ауруханада жатты. Қатерлі ауру туралы диагноз тек ағымдағы жылдың қаңтар айында белгілі болған. Содан кейін туыстары оны Оңтүстік Кореяға апарып емдетуге тырысқан екен. Алайда, соңғы уақытта А.Қалымбетовтің науқасы күрт ауырлап, жағдайы қиындап кеткендіктен, дәрігерлер оған рұқсат бермеген. 

Журналист Азамат Қалымбетов әр жылдары «Хабар» телеарнасында тілші қызметін атқарды. «Қазақстан» телеарнасының және «Оң-ТВ» арнасы жаңалықтар қызметінің бас редакторы болған. Соңғы кездері "Оң-ТВ" деп атауын өзгерткен "Таң" телеарнасында жұмыс істеді.

Дереккөз: inform.kz

Фото: today.kz
Қосылған күні: 30 наурыз 2016, 16:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.