Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Билл Гейтстің 10 сыры

Билл Гейтстің 10 сыры

Билл Гейтстің 10 сыры

Сіздер Билл Гейтстің көшбасшылығы мен менеджменттегі жетістіктерін білгіңіз келсе, Билл Гейтс нені ұсынатынын білгілеріңіз келсе, онда Suntop Media консалтингтік компанияның құрушыларының бірі Дез Деарловтың: «Бизнес жол: Билл Гейтс. Әлемдегі ең бай, ең табысты бизнес — көшбасшының 10 сыры» еңбегінде бұл сұрақтарға толық жауап ала аласыздар!!! 

Microsoft жайында жаңа мағлұматтары бар бұл кітап, Гейтстің таңғажайып жетістіктерінің сырын ашып қана қоймай, бизнесте жетістікке жетем деген әр адамға пайдалы, өмірінен, мансабынан алынған әмбебап сабақтар мен стратегияларды ашасыздар. Сіздер жұмысқа шынымен сіздің қызметіңізге ғашық ақылды адамдарды қалай жинау керек екендігін, бәсекелестерді қалай күлге айналдырып жіберуді және басқа да оның сырларымен бұл кітапта таныс боласыздар.

Билл Гейтстің ұлы идеясы: «Әр үстелде және әр үйде — компьютер». Біле білсеңіздер мына экран, клавиатура осыдан жиырмы жыл бұрын ғылыми қиял болған. Ерте кезден-ақ Гейтс компьютердің индустриялы жетістігі үшін ең бастысы — стандарттар жасау керектігін түсінді. Ол осыны ең бірінші жасап шыққандар ғана, бүкіл компьютерлік өнеркәсіпте билікке жететінін де ұғынды. 

1980-жылдарда Гейтстің басшылығымен Microsoft бағдарламалық тілдердің жасаушысынан барлық нәрсе жасайтын жан-жақты копьютерлік компанияға айналды. Мысалы, Windows жүйесі, Word және Excel сияқты қосымша айқындауыштар, басқа да бағдарламалар. Бұл тұрғыда Гейтс компьютерлік индустрияны толықтай өзгертті.
Гейтс он екі жасынан бастап компьютерге деген ерекше құлшыныспен қарады. Колледжде оқып жүргенде өзінің кейінгі әріптесі Пол Аленмен әр түрлі бағдарламалық жобаларға көптеп қатысты. Кейін ол Алленмен Microsoft компаниясын құрады.
Ол тамаша оқушы болды, не нәрсемен айналысса да, бәрін озып шығатын. Жеңіске деген құштарлығы ерте кезден байқалатын. Ал математикаға деген махаббаты болса, компьютерге деген ынтасын оятты.
Аңғарылғандай, Гарвардтың дипломы Гейтске керек емес еді. 1975 жылы студент кезінде ол Аленмен бірігіп, компьютер тілдерінің бірі — BASIC нұсқасын жасады. Саусағының ұшындағы жаңа әлемге арбалған ол, 1977 жылы Алленмен құрған көп еңбекті қажет ететін кішкентай компьютерлік компаниядағы жұмыстары үшін Гарвардтағы оқуды аяқтамады. Ал компания болса Microsoft деп аталды.

Алғашында екі адамнан құралған ұжымда қазір қырық сегіз мыңнан астам адам жұмыс істейді және 25 миллиард доллардан астам таза кірістері бар.

Microsoft өзінің жетістігін 5 факторға балайды:
Бірінші. Ұзақ мерзімдік қондырғы
Екінші. Нәтижеге бейімделу
Үшінші. Командалық жұмыс және жеке бастама
Төртінші. Клиенттерге деген асқан адалдық және өнімнің сапасын орнату
Бесінші. Клиенттермен тұрақты байланыс

Компания өзінің қарамағына дарынды, шығармашылықты адамдарды алып, оларды еліктіргіш, зияткерлік шақыртулардың бірегей байланысы, ең бастысы жұмыстың өте ыңғайлы шарттары арқылы ұстап қала білді. Сыйақы мен мадақтау да өз көмегін тигізді. Microsoft мәдениетінің көрсеткіші ретінде, мына фактты айтсақ болады, компанияда 1980-жылдары жұмыс істеген қызметкерлер әлі де еңбек етеді. Олардың көбісі отыз жас шамасында акциялардың көтерілуіне байланысты миллионер болды, алайда олар жұмыстарын жалғастыруда.

Microsoft менеджерлерінің бірі: «Олар өмірде тағы не істей алады? Тағы қайдан осыншалықты ләззат ала алады? » — деп айтқан еді.

Жете зерттеулер Microsoft және оның керемет басты қожайынының жетістігінің 10 сырын анықтады. Міне, Билл Гейтстің құпиялары:

Бірінші құпия. Керек уақытта және керек жерде болу. Microsoft жетістіктерін, бірінші персоналды компьютер үшін IBM операциялық жүйесін жабдықтау мақсатында қол жеткізген сирек кездесетін бақ деп санауға болмайды. Гейтс IBM мен келіссөздер жасаудың маңыздылығын түсінді. Ол персоналды компьютердің тарихын өзгерте алатынын ұқты және алты ай бойы «жолы болғыш» атану үшін тынбай еңбек етті.

Екінші құпия. Техникаға ғашық болу. Microsoft компаниясының созылмалы жетістіктерінің көрінісі Гейтстің техникалық білімі еді. Ол осы салаға байланысты негізгі шешімдерді өз бақылауында ұстады. Көп жағдайда ол қарсыластарына қарағанда технологияның даму бағытының болашағын көре білді. Сондықтанда процессті басқара алатын.

Үшінші құпия. Тұтқындарды алмау. Гейтс – өте қатал қарсылас. Не мақсатты көздесе де, тек жеңіске жетуді көздейді. Келіссөздер жүргізу кезінде өте мейірімсіз болады. Бұл оны алаңдатпайды және ол қарсыластарды жоқ қылу ісінің маманы.

Төртінші құпия. Жұмысқа тек ақылдыларды алу. «Ақыл-ойдың жоғарғы даму шамасына ие адамдар» — бұл Microsoft жасаған ең ақылды адамдарға арналған анықтама. Бастапқы кезден-ақ Гейтс компания ең ақылдыларды қызықтырыру керек деген болатын. Бұл сөз кей топтар тарапынан сынға ұшырады, алайда жақсы жақтары да болды. Мысалы, колледжді бітірген, дарынды студенттер, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алатын.

Бесінші құпия. Жүзіп ұстауға үйренісу. Microsoft-та Гейтс тынымсыз, өз бетімен үйрететін машина жасап шығарды. Оның пайымдауынша қателік жасауды болдырмайтын жалғыз осы жол. Оның қарсыластары осыншалықты абайламайды.

Алтыншы құпия. Алғыс күтпеу. Гейтс атақ пен зұлымдық ешқашан бір-бірінен ажырамайды деген ұйғарымға келген болатын. Жауларың көп болмай, бай адам бола алмайсың.

Жетінші құпия. Болжағыштың позициясының орнына тұру. Билл Гейтс бизнес-көшбасшысының жаңа бейнесі. Көп жылдар бойы ол, өзін компьютерлік индустриядағы болжағыш екенін дәлелдеп келді. Оның технологияны тереңдеп түсінуі және мәліметтерді синтездеудің әмбебап тәсілі, оған болашақтың тенденциясын көре алу және Microsoft стратегиясын басқаруды береді.

Сегізінші құпия. Барлық позицияны бақылауда ұстау. Microsoft жетістігінің негізі — көп көлемді жобаларды бір уақытта басқара білу қабілеті. Гейтсті «көп міндетті адам», — деп атайды, ол бір уақытта, әр түрлі техникалық тақырыптарға бірнеше әңгіме жүргізе алады екен. Бұл компания тактикасында көрініс табатын керемет қабілеттілік. Компания әрқашан жаңа нарықты және жаңа программалық қосымша айқындауышты зерттейді. Бұл өз кезегінде «үлкен істі» өткізіп алмайды.

Тоғызыншы құпия. Байт өлшемі бойынша бизнес жасау. Фондық нарықта Microsoft салыстырмалы түрде үлкен емес компания. Басқарушы топқа қолайлы жағдай жасау үшін, өзінің ішінде ұсақ ұяшықтарға бөлінеді. Кейде Microsoft әр апта сайын тармақталатын сыңайлы. Гейтс қарапайым құрылым жасап, компаниясында толық бақылау сақтайтындығына сенімді.

Оныншы құпия. Доптан көзді алмау. Гейтс екі он жылдық бойы кәсібінің шыңында. Осы уақыт аралығында әлемнің ең бай адамына айналды. Оның байлығы мен жетістігіне қарамастан, Гейтс екпінін бәсеңдеткен емес. Оның сөздері бойынша, оны «үлкен істі» өткізіп алу үрейі жетелейді. Ол басқа IBM, Apple сияқты компьютерлік компаниялардың қателіктерін қайталағысы келмейді.

zhanaoi.kz

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: hyser.com.ua
Қосылған күні: 10 ақпан 2016, 17:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.