Әйгілі әртістің өмір жолы

Әйгілі әртістің өмір жолы
Фото: images4you.ru

1. Оны босанып жатқан кезде бетінің жүйке ұштарына зақым келген. Содан ұрты, ерні, тілі жансызданып қалған.

2. Ол 11 жасқа келгенде әке-шешесі ажырасады. 13 жасқа жеткенге дейін 10 мектеп ауыстырған. Өйткені бұзақылығы үшін оны мектептен шығарып жібере берген.

3. Мектепте оны балалар көбіне түсініксіз сөздеріне және аласа бойына күліп, мазақ ететін болған.

4. 24 жасына дейін хайуанаттар бағында тор тазалаушы және түнгі клубта есік күзетшісі болып қызмет атқарады.

5. Ол актер болуды қатты армандайды. Алайда келбетінің көріксіздігі мен сөйлеу кемістігі үшін оған ешқандай рөлде ойнау бұйырмайды.

6. 300-ден астам студияға барады. Тіпті әрқайсысына төрт реттен соқса да оны ешқайсысы қабылдамайды.

7. 24 жасында күнкөрісі төмендеп кеткендіктен, анайы фильмге түсуге келісім береді.

8. Ол 30 жасқа келгенде әйелінің келісімінсіз әдемі әшекейлерін сатып жібереді. Сол себепті жұбайы бір жасар баласымен кетіп қалады.

9. Одан кейін өзінің сенімді серігін (итін) 50 долларға сатады. Өйткені оны асырайтын жағдайы болмайды.

10. Сол жылы түнгі барда боксшылардың жекпе-жегін көріп отырып ойға батады. 2 күн өткеннен соң бар ойын жинақтап, сараптап фильмге сценарий жазуға кіріседі. Кейін соны 25 мың АҚШ долларына сатады. Бірақ басты рөлін «өзім сомдаймын» деген шарт қояды.

11. Бұл фильм арқылы ол көптеген жетістікке жетеді және қыруар қаржы табады. Себебі фильм «Оскар» сыйлығының 10 түрлі аталымы бойынша марапатталады.

12. Бұл адамның аты  Сильвестр Сталлоне. Оған үлкен абырой, атақ-даңқ әкелген фильм «Рокки» деп аталады.

Ж. Исакаев