Әлемдегі ең кәрі клоун

Әлемдегі ең кәрі клоун

Әлемдегі ең кәрі клоунның кім екенінен хабардарсыз ба? Оның аты-жөні – Флойд «Creeky» Крикмор.

Жақында ғана 95 жылдық мерейтойын атап өткен ол әлі де өз кәсібін тастаған емес.

Клуондық өмірінің басталғанына 80 жыл болған ата клоун бүгінде сүйікті ісін әлі де жалғастырып келеді.

Осы өнеріне құлшынысының арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына еніп, әлемдегі ең кәрі клоун атағына ие болып отырған жайы бар.

Оған үнемі адамдардың арасында жүріп, оларды күлдіріп, көңілдендірген ұнайды. Бір-екі жыл бұрын инсульт кесірінен денсаулығы нашарлап жонглер тәсілімен өнер көрсетуді доғаруына тура келді. Бірақ қаншама жыл бұл өнерге машықтанып қалған Флойдқа бұл доғарыс өте қатты әсер етіп, 96 жастағы әйелі екеуі тұрып жатқан Биллингс қаласына цирк келген кезде өнерін қайта бастап кеткен.

Ол өзінің жасыл түсті бас киімі мен әртүрлі ашық түстер жиынтықталған костюмін киіп, мұрын жалғап, грим жасап өз жұмысына қайта кіріседі. Инсульт кесірінен аса жарамды емес оң қолы мен құлағының нашар еститіндіге қарамастан ол өз сүйікті ісінен бас тарта алмаған.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер:  nevozmozhnogo.net, nevedomosti.ru

А. Әбілхан