Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Асылхан Төлепов "Бауыржан Момышұлы" төсбелгісімен марапатталды

Асылхан Төлепов "Бауыржан Момышұлы" төсбелгісімен марапатталды

Асылхан Төлепов

Әлі сиясы кебе қоймаса да, талайдың ыстық ықыласына бөленген Ахат Сатаевтың «Жаужүрек Мың бала» фильмінің басты кейіпкері Сартай батырдың рөлін сомдаған жас актер Асылхан Төлепов «Бауыржан Мо­мыш­ұлы» атындағы төсбелгімен марапатталды.

Халық қаһарманы атымен аталған төсбелгіні көпшіліктің көзайымына айналған актерге Мәжіліс депутаты, Ауған соғысы­ның ардагері Ба­қытбек Смағұл ІІМ Ішкі әскерлері Алматы құрамасына қарасты әскери бөлімдердің же­ке құрамымен кездесуі кезінде табыстаған болатын. Кездесу Бақытбек Смағұлдың «Мен көрген соғыс» кітабы бойынша түсірілген деректі фильмді тамашалаумен басталды. Фильм қатардағы сарбаздардың рухын көтеріп, ардагердің басынан өткен қиын-қыстау кезеңдері мен ерлігі үлгі-өнеге болсын ниетпен көрсетілген-ді. Содан кейін ардагер депутат еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму туралы сөз қозғап, әскер қызметкерлері мен ардагерлерді әлеуметтік кепілдемелермен қамтамасыз ету, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Қарулы Күштердің және Ішкі әскерлердің ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты сақтаудың маңызы жайлы баяндады.

Қатардағы жас жауынгерлермен бірге басқосуда Т.Жүргенов атындағы Өнер ака­демиясының 2 курс студенті, жас актер Асылхан Төлепов те болды. Асылханның кино әлеміндегі тырнақалды рөлін ескеріп, батыр образын шынайы сомдағаны үшін оған Ауған соғысы ардагерлері ұйымы мен «Сауап» қоғамдық ұйы­мы «Бауыржан Мо­мыш­ұлы» атындағы төсбелгіні тағайындады.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

«Жаз мезгіліндегі демалысты маңызды іс-шаралармен өткізу басты мақсаттардың бірі. Жас жауынгерлермен жүздесіп, олардың рухын көтеріп, жігерлендіру керек. Ал Асылхандай жас өнерпазға әскери бөлімшеде құрмет көрсету тектен тек емес. Бұл жас та болса жауға қарсы шыққан ата-бабамыздың ерлігін жауынгерлерге үлгі етуден туған ниет. Ал үлгі-өнеге көрсетіп, бағыт-бағдар беру – біздің парызымыз»

Фильмдегі рөлінің арқасында батыр тұлға Бауыржан Момышұлының есімімен аталған төсбелгімен марапатталу актер үшін үлкен мәртебе. «Өмірімдегі бақытты сәттердің бірі. Фильмдегі еңбек ескеріліп, құрметін көрсетіліп, орденмен марапаттап жатыр. Көп-көп рахмет» - деді Асылхан ағынан жарылып. Салтанатты марапаттаудан кейін ол сарбаздарға фильмдегі Сартай батырдың монологін оқып берді.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер Асылхан Төлеповтың жеке мұрағатынан алынған

4029 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 шілде 2012, 09:04
Пікірлер
+0
11 шілде 2012, 11:47

әлдау-әлдау :) құтты болсын!

+0
11 шілде 2012, 12:17

Таймасты сомдаған Аянға да беру керек еді

+0
11 шілде 2012, 13:04

Асылхан нағыз актер, құтты болсын

+0
11 шілде 2012, 15:03

Құдой құдой мәләдес! :)

+0
11 шілде 2012, 20:20

Құтты болсын)))) Тинэйджер қыздарға жақсы кумир болатын болды)))) Сол үшін қатты қуанам))))

+0
11 шілде 2012, 22:53

:!:

+0
12 шілде 2012, 09:13

Тинэйджерің не? Қазір оған өзінен екі есе үлкен, анасымен жасты қыздар ғашық болып жүр))) Сартай да сартай деп шулап)))

+0
12 шілде 2012, 13:39

енді ондай "апайлар"дың қылықтары на их совести))) Кішкентай балаға ғашық болудың бір атауы бар ғой, говорят болезнь)))

+0
12 шілде 2012, 09:16

расын айту керек, асылхан жақсы актер. шеберлігі де бар. Бірақ мәселе онда емес. Асылхан 15 жасар Сартайдың образын корсете алмайды. табигатынын ірілігі бар адам ғана қазақ батырының рөлін өз деңгейінде сомдай алады.

+0
12 шілде 2012, 15:27

Ең бастысы ішкі рух! Ол бәрін жеңеді!

+0
13 шілде 2012, 10:54

Эх мен де тинэйджер болып қалсам ғооооой, басынан басқа біреуге ғашық болар едім бааааа Сартайға мааааа әлде тіпті ғашық болмас па едііііім :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...