Блоггерлер арасындағы сайыс басталды

Блоггерлер арасындағы сайыс басталды

Қазнетте блогшылар арасындағы кезекті конкурс басталды. Сайыс Horde.kz блогплатформасында өткізіледі.

Бәйгенің негізгі мақсаты блогшылардың шеберлігін шыңдап, интеллектуал орта қалыптастыру. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кез келген адам аталған сайтта тіркеліп, блог жүргізе бастауы керек. Айдың соңында әр блогшының рейтингі қорытындыланып, нәтиже шығарылады. Алғашқы кезеңнің (1-30 шілде) сыйлық қоры мынадай. Бірінші орынға ие болған конкурсантқа планшеттік компьютер сыйға тартылады. Екінші орынға электрондық кітап, рейтинг тізімінде үшінші сатыдан орын алған бологшыға музыкалық плеер тарту етілмек.

а

Осы орайда жалпы рейтингтен бөлек сайысқа қатысушылар арасындағы ай сайын жаңаратын жанама рейтинг жүргізілетіндігін де айтып өтелік.

Айлық рейтинг былайша есептеледі. Рейтінгі "Х"-тен жоғары посттардың саны, посттарға жазылған пікірлердің саны, блогты оқыған адамдардың саны, платформадағы барлық посттрадың орташ рейтингі назарға алынатын болады. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: immigrant-press.ru, horde.kz