Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағдырдың тауқыметін көрген танымал тұлғалар

Тағдырдың тауқыметін көрген танымал тұлғалар

Тағдырдың тауқыметін көрген танымал тұлғалар

Бүгін біз сіздерге жастайынан қиындықты көрсе де, ерен еңбегі мен асқан дарындылығының арқасында елге елеулі, халыққа қалаулы жандар атанып, ән әлемі мен кино әлемінде аты аңызға айналған ханымдар мен мырзалар туралы айтатын боламыз.

1. Лейтон Мистер, табысы 5 миллион долларды құрайды. 

Лейтонды анасы абақтыда отырған кезде дүниеге әкеледі. Ауруханада қызының қасында 3 ай болғаннан соң, қайтадан түрмеге оралуға мәжбүр болған. Осындай ауыртпашылықтарға қарамастан, Лейтон өзінің балалық шағын ерекше еске алады.

2. Джуэл, табысы 30 миллион АҚШ доллары.

Джуэлдің де балалық шағы өте ауыр болған. Оған ауласында су тартқыштың болмағанын да мысал ретінде келтіруге болады. Ол кезде қыздың жанұясы Аляскада тұрған. Күнделікті күнкөрістің қамы үшін жергілікті мейрамханаларда ән айтқан. Алайда Atlantic Records адамдары оның бойындағы өнерді байқағанда, Джуэлдің өмірі күрт өзгерді. Содан кейін ол қаржы мәселесін мәңгілікке ұмытқан.

3. Хилари Суонк, табысы 40 миллион доллар. 

Суонктың ата-анасы 6 жасында дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен. Сол себепті оған анасымен бірге Лос-Анджелеске көшуге тура келеді. Қымбатшылық жайлаған қалада пәтер жалдап тұру қиынға соғып, талай таңды жеңіл көлікте атырады. Алайда әртіс қыздың өміріне өзгеріс енгізіп, кино әлеміне қадам басуға осы көлік себепші болған.

4. Сара Джессика Паркер, табысы 90 миллион доллар. 

Паркердің анасы аз қамтылған отбасы деп жәрдемақы алса да, жанұясы кедейліктен көз ашпайды. Өйткені бір отбасында 8 бала болған. Тіпті үйлерінде электр қуаты болмаса да, анасы Джессиканы музыка мен би үйірмесіне береді. Соның арқасында ол бүгінгі таңда танымал әртіс және продюсер атанды.  

5. Джим Керри, табысы 150 миллион долларды құрайды.

Джим Керридің әкесі жұмысынан айырылып, оның жанұясына қиын кездер орнайды. Амалсыздан жүк тасымалдауға арналған үсті жабық арбада тұруға тура келеді. 15 жасында Джим оқуын тастап, сыпырушы болып жұмысқа орналасады. Алайда әйгілі комедиялық әртіс болуына ол кедергі болмайды.

6. Деми Мур, табысы 150 миллион доллар.

Әртіс өзінің балалық шағын еске түсіргісі келмейді. Деми мына жарық өмірге келмей тұрып, әкесі тастап кеткен. Анасы есірткіге тәуелді болып, ал өгей әкесі тұрақты жұмыс таба алмайды. Бірақ бүгінгі таңда Деми Мур қаржы туралы мүлдем бас қатырмайды. 

7. Эминем, табысы 160 миллион доллар.

Эминем Детройттың ең кедей аудандарының бірінде әкесіз өседі. Алайда оған қарамастан ол рэп тарихындағы ең мықты МС атанды. 

8. Леонарда Ди Каприо, табысы 220 миллион доллар.

Бала-шағасын асырау үшін Леонардоның анасы бір емес, бірнеше жұмыс жасауға мәжбүр болады. Ал бүгінгі таңда Ди Каприо Голливудтың табысы тым жоғары әртістерінің бірі. 

9. Том Круз, табысы 380 миллион доллар.

Әрбір қылығы үшін таяқ астына алатын әкесінің қатыгездігін Том әлі күнге дейін есінен шығармаған. Мұндай жәбірлеуге шыдамаған ана жүрегі ажырасуға бел буады. Осындай қиын тағдырды басынан өткізген Том Круз бүгінде Голливудтың ең табысты әртістерінің бірі. 

10. Стивен Кинг, табысы 400 миллион доллар.

Стивеннің бала кезінде әкесі кетіп қалып, анасы екі баланы жалғыз өзі тәрбиелейді. Ол аздай ата-әжесінің жағдайы күрт нашарлап, анасы жұмысты тастап, солардың қасында болуға мәжбүр болады. Осындай ауыртпашылықтарға қарамастан, Стивен Кинг қорқынышты фильмдердің королі атанды. 

11. Мэрайя Кэри, табысы 510 миллион доллар.

Әнші арудың ата-анасы бірге болған кезде жағдайлары жаман болмаған. Бірақ ата-анасы ажырасқаннан кейін бәрі басқаша болады. Анасы өз бетімен екі баланың тәрбиесімен айналысады. Қаншалықты қиын жағдайларды бастан кешірсе де, Мэрайя Кэри мойымай, өзінің мықты екенін дәлелдеп, әлемнің ең үздік әншілерінің бірі атанады.

12. Джей Зи, табысы 550 миллион доллар.

Джей Зи Бруклиннің бейберекет аудандарының бірінде өседі. Көпшіліктің көңілінен шыққан рэпер атанбай тұрып, ол Нью-Йорктің көшелерінде есірткі сатқан.

13. Дидди, табысы 700 миллион доллар.

Дидди Нью-Йорктің Бруклин ауданында муниципалдық тұрғын үйде өскен. Әкесі есірткі саудасымен айналысып жүрген кезінде атылып қалып, бала жастайынан жетім қалады. Алайда Дидди өзінің өнерінің арқасында осындай биік дәрежеге көтерілді. 

14. Селин Дион, табысы 800 миллион доллар.

Селин 14 баланың кенжесі болған. Әрқашан ақша жетіспей, небір ауыр күндерді бастан кешірген. Алайда ана мейірімділігі мен әке қамқорлығының арқасында аңсаған арманы мен көздеген мақсатына жеткен. 

15. Опра Уинфри, табысы 2,9 миллиард доллар.

Опра балалық шағында жоқшылықты көп көрген. Анасының қызды асырауға шамасы келмегендіктен, әртүрлі тума-туысының үйінде тұрған. Тіпті картоп салатын қаптан тігілген киімді киюге де мәжбүр болады. Алайда ол өзінің өмірге деген құштарлығының арқасында барлық ауыртпашылықты артқа тастап, тарихтағы ең алғашқы қара түсті миллиардер әйел атанады.  

Сурет: spletnica-tv.com, galleryhip.com, hdw.eweb4.com, joinfo.ua, www.kinokopilka.tv

Оқи отырыңыз:

2015 жылғы Оскар сыйлығынан кімдер үмітті?

2014 жылғы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған анимациялық қысқаметражды фильм

Брэд Питт екінші дүниежүзілік соғысқа арналған жаңа фильмге түседі

«Қазақфильм» оралмандар туралы жаңа фильм түсіруді бастады

Дайындаған: Жасұлан Исакаев
Қосылған күні: 18 ақпан 2015, 13:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->