Астанада Құрманғазыға ескерткіш орнатылады

Астанада Құрманғазыға ескерткіш орнатылады

Еліміздің бас қаласы Астанада қазақтың күйші композиторы Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ескерткіш орнатылады. Ескерткіштің ашылу салтанаты "қала күнінде" өтеді деп күтілуде. Бұл туралы Астананың 14 жылдығын ұйымдастыру үшін құрылған арнайы медиаштабтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ескерткіш авторы - мүсінші Асан Молдабаев. Бұл кісінің бұдан бұрын Қарағандыдағы этнопарк композициясын жасауға қатысқандығын айтып өтелік.

Құрманғазының мүсіні "Думан" қонақ үй комплексі аймағында орнатылатын болады. Ескерткіштің жалпы ұзындығы 10 метр (негізі 5.5, мүсін ұзындығы - 4.5 метр)

Күйшіге бұдан бұрын Алматы, Атырау қалаларында да ескерткіш орнатылған болатын.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) - қазақ халқының мәдениетінің өркендеуіне көп үлес қосқан қайраткер. Біздің уақытқа дейін композитордың 10-нан аса күйі жеткен. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: thenews.kz