Юрий Померанцев - біздің сүйікті дәрігер

Юрий Померанцев - біздің сүйікті дәрігер

Актер, режиссер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығы мен «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, ҚР «Отан» жоғары орденінің кавалері, Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Ерлігі үшін» медалімен, Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Қазақстан мәдениетінің алтын кітабына енген.

1923 жылы 11 ақпанда Киев қаласында дүниеге келген.

Театр сахналары:

  • Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры – хор әртісі
  • Алматы балалар және жасөспірімдер театры
  • Саратов балалар және жасөспірімдер театры
  • 1954 жылдан бері М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі. 300-ден астам сахналық рольдерде ойнаған.


Ойнаған қойылымдары:

"Красная Шапочка", "Король Лир», "Дама-невидимка", "Василиса Мелентьева, "На всякого мудреца довольно простоты", "Расточитель", "Шестое июля" (Қазақ ССР мемлекеттің сыйлығы, 1967 г.), "Абай" , "Взрыв", "Дон Кихот ведет бой", "Свидание в предместье", "Собачье сердце", "Энергичные люди", "Свадьба Кречинского", "Цена", "Таланты и поклонники", "Дядюшкин сон", "Забавный случай, "Танго" т.б.

Режиссерлік қызметі:

"Волынщик из Стракониц", "Старые друзья", "Живой портрет", "Собака на сене", "Таланты и поклонники".

Фильмдердегі ойындары:

«Біздің сүйікті дәрігер» ("Наш милый доктор"), "Освобождение", "Родина солдат", "Орлята Чапая", "Земля отцов" және т.б.


"Мен бақытты жанмын. Жасөспірім кезімде мен сүйікті мекенім МХАТ көркем театрына жиі баратынмын. Келесі сүйікті мекенім Кіші театр (Малый театр) болды. Ол жақта мен барлық ұлы әртістерді көрдім. Бұл менің мектебім болды. Себебі, мен жоғарғы оқу орнын бітірмеген, өзім оқып-үйренген актермін. Менің ұстазым Наталия Ильинична Сац болды. Ол мені театрға да, өмірге де үйретті" дейді әртіс.

Фотосуреттер ғаламтор беттерінен алынған