Бақытжан Жұмаділовтың "Соңғы сәті"

Бақытжан Жұмаділовтың "Соңғы сәті"

Қазақ өнерінің жарық жұлдызы, әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, әсем әндерімен тамсандырып, талайлардың сүйікті әншісіне айналған Бақытжан Жұмаділов көзі тірі болса, биыл 65 жасқа толар еді.

Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында ол үлкен шыңдардан көрініп, шәкірт тәрбиелеп, бірталай өнерпаздардың өнер әлемінде қанаттануына жол ашты. Ол ұшқыр әзілдерімен айналасын күлкі-думанға бөлеп, жайдары мінезімен кез келген жанды өзіне баурап алатын. Аққан жұлдыздың жүзі мейірім мен жылулыққа толы болатын. Баяғы сал-серілердің жолын жалғастырған ол өз мамандығының хас шебері еді.

Көмейіне бұлбұл ұялаған әнші әуезді әндерді жоғары деңгейде орындап қана қоймай, сазгерлік және ақындық қабілеттерімен көпшілікті қуанта білді.

1975 жылы ол «Дос-Мұқасан» тобындағы әріптесі, досы Мейірбек Молдабековпен бірлесе отырып, өмірге «Қайдасың» әнін дүниеге әкелген болатын. Ән уақыт өте келе кеңінен танылып, жас-кәрінің сүйіп тыңдайтын әндерінің біріне айналды. Ән авторларын білмеген бәзбіреулер бұл әнді «халық әні» деп атап кетті. Расымен де, ел аузында жүрген әуезді ән ел жадында сақталып, халықтың әніне айналды.

2010 жылдың наурызында әншіні қалың қазақ қайтпас сапарға аттандырды. Өлімге қарсы тұрар амал бар ма?! Әншінің ажалы жол апатынан болды. Оның қазасы күллі қауымның қабырғасын қайыстырды. Дәл Бәкеңдей енді кім «Құдашаны» шырқайды екен?!

Ақтық сапарға аттанарын сезді ме екен, ол ғұмырының соңғы күндерінде күнделігіне «соңғы өлеңін» жазып кетіпті. «Последний миг» өлеңін қазақ тіліне ақын Алмат Исәділ аударған еді. Бұл өлең жолдары әнші жайлы түсірілген естелік бағдарламада жырланған.

 Последний миг

Моя душа взмахнув крылами,

В последнии раз взметнется ввысь.

Чтоб с высоты небесной дали,

На землю оглянутся вниз.

 

И то что было не приложным,

И принималось что всерьез,

Вдруг оказалось страшной ложью,

Печальной правдой тщетных грез.

 

Престиж, Богатство и Карьера

Отрекся я от этих слов.

Остались в памяти лишь Вера,

Надежда, Правда и Любовь.

 

Я не хочу ни Злат, ни Власти,

Не надо и бессмертных лет.

В моей душе Любовь и Счастье,

А в переди Покой и Свет!

 

Соңғы сәт

Менің жаным қанатымен сілкініп,

Ең соңғы рет көкке самғар ұмтылып.

Шексіз аспан биігінен көз тігіп,

Қара жерге қарау үшін ұмсынып.

 

Сан жұмбақтар  шеше алмаған толғанып,

«Шындық  осы!» деген сәттер алданып,

Қалар,сосын Жалған болып, және де,

Аянышты ақиқатқа айналып.

 

Атақ, Байлық, Мансап пенен Мақтаныш,

Бұл сөздерден аулақ болдым, сақтанып.

Үміт, Сенім, Шындық және Махаббат

Жадымда тек қалғаны осы жатталып.

 

Керек емеc маған Билік, Алтын да,

Жүре алмаспын мәңгі Өмірдің қалпында.

Өн-бойымда Махаббат пен Бақыт бар,

Тыныштық пен Бір Жарық тұр  алдымда!

Суреттер: sim.kz, vesti.kz

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Ғ. Ұзақ