Виктория Бекхэм БҰҰ-ның елшісі атанды

Виктория Бекхэм БҰҰ-ның елшісі атанды

Виктория Бекхэм өз еркімен Біріккен Ұлттар Ұйымының елшісі атанды. Бұдан былай атақты дизайнер СПИД (ЖҚТБ) ауруымен күресетін және осы ауруға шалдыққандарға көмектесетін БҰҰ-ның қарамағынан құрылған ЮНЭЙДС ұйымының мүшесі болып қызмет атқарады.

Виктория бұған дейін Африка елдерінде бірнеше рет болған және АИВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған тұрғындарға қолынан келген көмегін аямаған. БҰҰ-ның ресми елшісі атанған Виктория: «Бұл – мен үшін маңызды жолдың бастамасы. Әйел ретінде, ана ретінде мойныма артылған жауапкершілікті сезініп, басқа әйелдерді қорғайтын боламын. ЮНЭЙДС-пен бірігіп іс атқару маған үлкен абырой. АИВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған аналар мен сәбилерге көмектесетіндердің қатарын арттыра алатыным үшін қуанамын», - дейді.

Бұған дейін атақты актер Леонардо Ди Каприо да киттердің азаюына қарсы күресетін елші ретінде тағайындалғанын ұйымның хатшысы Пан Ги Мун баяндаған болатын. БҰҰ-ның хатшысы «осындай ғаламдық маңызы бар мәселелерге атақты жұлдыздарды қатыстыру олардың жанкүйерлерін де бей-жай қалдырмайды», -  дейді.

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: kleo.ru 

Y. Smaghul