Серік Жанболат 50-ге толды!

Серік Жанболат 50-ге толды!

ҚР Президенті сыйлығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистері академиясының академигі, талантты журналист, сазгер Серiк Жанболат 50-ге толды. 

Серік Жанболат 1964 жылы 14 қыркүйекте Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Қарауыл селосындағы Абай атындағы орта мектептi 1981 жылы бiтiрiп, сол жылы аудандық «Совхоз туы» газетiнде тілші болып қызмет iстедi. 1982 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түстi. 1984-1986 жылдар аралығында Мәскеу қаласында әскери борышын өтеп келiп, оқуын жалғастырды. Университет қабырғасында жүргенде Қазақ теледидарының жастар редакциясында студенттердің «Ақиқат» пікірталас клубының тізгінін ұстады. 1989 жылы университеттi тәмамдап, журналист мамандығын алып шықты. Сол жылы Қазақ республикалық телевизиясының «Жастар» бағдарламасы редакциясына редакторлық қызметке қабылданды. 

Қазақ журналистикасына зор еңбек сіңірген айтулы тұлғаның, қазақтың Серік Жанболатының еңбек жолы осылай басталды. 


Біз өз кезегімізде қолға алған әр ісі халықтың жүрегінен жол тауып жататын еңбекқор тұлғаны мерейлі 50 жасымен құттықтап, шығармашылық табыс пен отбасы бақытын тілейміз!

Қазақылық қарапайым қалпында,

Күллі қазақ тұрғандайын артында.

Зор денсаулық, бар бақытты тіледік,

Құтты болсын 50 жасың, нар тұлға!

 

Ізгі ниетпен: Massaget.kz ұжымы

Сурет: ©Нұрғиса Елеубеков

Материалға "Алаш айнасы" сайтынан алынған ақпарат пайдаланылды

М. Оңғарова