Голливудтың танымал үш әртісі екі күнде 13 миллион доллар табыс тапты

Голливудтың танымал үш әртісі екі күнде 13 миллион доллар табыс тапты

Голливудтың танымал үш әртісі Studio City казиносының жарнама ролигіне түсіп, екі күнде 13 миллион доллар табыс тапты.

«Украина сегодня: Finanso.net» басылымының жазуы бойынша, бұл роликке Брэд Питт, Роберт Де Ниро және Леонардо Ди Каприо үштігі шақыртылған. Қысқа метражды фильмнің жетекшісі - аталған әртістермен жұмыс жасап жүрген танымал режиссер Мартин Скорсезе

«Уолл-стрит қасқыры» фильмінің сценарийін жазған америкалық танымал сценарист Теренс Уинтер де роликтің жарыққа шығуына атсалысқан көрінеді. Өздеріңізге белгілі болғандай, жақында ғана Брэд Питт пен Анджелина Джоли заңды түрде некелескен болатын. Үйлену тойынан кейін қос ғашық Мальтаға аттанған еді. Алайда Голливуд жұлдыздарының бәрі жұмылған казиноның жарнама ролигі үшін Брэд енді бал айын тастап, Нью-Йоркке оралатын болады.

Studio City казиносының иесі «жұмыстың ілгерілеуі үшін жарнаманың рөлі зор, сол себепті, одан ақшаны аяудың қажет жоқ» деп есептейді. Қысқа метражды фильмнің жалпы қоры 70 миллион долларды құрайды.

Studio City казиносы 2015 жылдың басында ашылады деп жоспарлануда. Талай мықтыны тартқан жарнама ролигінің бағасын сол кезде беретін боламыз. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: baku.ws

Н. Айдархан