Асылхан Төлепов жұртты қызықтырып қойды

Асылхан Төлепов жұртты қызықтырып қойды

Біраз уақыт бұрын Instagram әлеуметтік желісінде қазақстандық өнерпаздар Асылхан Төлепов бейнеленген жарнамалық баннерлерді #yourta #soon хэштегтерімен өз парақшаларына орналастырып, елді қызықтырып қойды. Суретте Асылхан Төлеповтың жаңа бейнесін көруге болады. Асылхан киген ақ жейде мен қоңыр шаруа стиліндегі шалбар, басына киген қалпағы ортағасырлық ағылшындар стилін еске түсіреді. Бұдан кейін де Асылхан Төлепов модель болып түскен басқа суреттері жарық көре бастады. Ал кейін оқырмандарға #yourta дегеннің не екенін болжау ұсынылды. Оқырман, әлбетте, бұл сөзді қазақтың киіз үйімен байланыстырып, мейрамхана, не болмаса демалыс орны және т.б. атауы деп өз болжамдарын жеткізді.

Бәрінен бұрын, суреттердегі Асылханның жаңа бейнесі мен оның сүйкімді келбеті жанкүйерлерін тамсандырып қойды. Көпшілік Асылханның фотомодельдік дарынын атап өтіп жатыр және сонымен қатар Асылханның корей актерлеріне де қатты ұқсап кеткені айтылады. 

Алайда Асылхан Төлепов көп уақытын кино түсірілімдер мен жаттығуларға арнап жүргені белгілі. Жақында жарыққа шығатын "Бекзат" фильмі үшін актер бокс жаттығуларынан сабақ алып, түсірілімге қызу кірісіп кеткен. Жақында "Бекзат" фильмінің тизері жарық көргенін жазған болатынбыз

Асылханның суреттерімен шыққан #yourta хэштегі не білдіреді деп ойлайсыздар?

Дайындаған: Диана Мамытбекова

Сурет: instagram.com

A. Mustafina