Британдық ханшайым Анжелина Джолиге «рыцарлық титулды» табыс етті

Британдық ханшайым Анжелина Джолиге «рыцарлық титулды» табыс етті

Ұлыбритания Ханшайымы Елизавета II Голливуд актрисасы Анжелина Джолиге әйелдерге арналған рыцарлық титулды кавалер ханымы ретінде ұсынды.

Джоли бұл титулдан бөлек Ұлыбританияның сыртқы саясатында атқарған ерен еңбегі үшін Британ империясының орденімен марапатталды. Осыдан бір жұма бұрын Джоли Лондонда өткен әскери шиеленістердің алдын алуға байланысты халықаралық конференцияда Ұлыбританияның Сыртқы Істер Министрі Уильям Хейгпен бірге мінбеде сөз сөйлеген болатын.

Актриса конференцияға қатысудың және Королевамен жүздесүдің маңыздылығын айтып өтті. Сондай-ақ, алдағы болашақта сыртқы саясатқа көп көңіл бөліп, еңбек етерін де қоса кетті. Толықтыра кетсек, осыдан екі жыл бұрын Анджелина Джоли «In the Land of Blood and Honey» (Қан мен балдың арасы) атты фильмнің сценарийін жазып, өзі режиссерлік еткен болатын. Фильм соғыс кезіндегі әйел затының көрген қорлықтарын суреттейтіндіктен, Голливуд жұлдызына Британдық орден табыс етіліп отыр.

Ұлыбританияда ордендер мен титулдарды табыстау жылына бірнеше рет ұйымдастырылады және дәстүрлі мерекеге айналған. Осы жылғы табыстау Ханшайым Елизавета II-нің ресми туылған күніне тура келіп отыр. Джолимен бірге 79 жастағы британдық актриса Мэгги Смитке «Құрмет» ордені берілсе, актер Дэниэл Дэй-Льюиске Британ империясының ордені мен бакалавр-рыцарі титулдары  табысталды.

Джоли аталған титулды иемденгеннен кейін «Леди» мәртебесін өз атының алдына қойып қолдануы тиіс. Дегенмен, ол Ұлыбританияның немесе Британ империясының бұрынғы доминиондары болған Достастық елдерінің азаматшасы болмағандықтан, «Леди» атағын алып жүруге міндетті болмайды.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: hosted.ap.org

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда