Алты жасар жұлдыз

Алты жасар жұлдыз

Құрметті Массагетің аяулы оқырмандары! Жексенбілік демалыстарыңыз қалай өтуде? Барлығы ойдағыдай деп ойлаймыз. 

Жексенбінің жарқыраған күнінде назарларыңызға не ұсынсақ екен деп біраз ой толғадық. Ақыры жас жұлдыз Диана атты қыз туралы әңгімелеп беруді ұйғардық.

Днепропетровск қаласының тұрғыны, 6 жасар Диана "Украина таланттарға бай" атты конкурста өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Көңілінен шыққаны былай тұрсын, кей адамдар көзіне жас алып, жас қыздың өнеріне тәнті болып жатты. Конкурсқа қатысушы жұрт дүрсілдеп билеп, ән айтып жатқанда Диана жай ғана жылы жүрегімен өлең оқып, қазылар алқасының көңілін өзіне бірден қаратып алды. 

Назарларыңызға Диананың конкурстың өне бойында оқыған кейбір өлеңдерін ұсынамыз.

сурет: moydnepr.blogspot.com