Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Аққал Қалыбаева: «Мұхтар Әуезов "Шіркін! Аққалдың әні!" дейтін»

Аққал Қалыбаева: «Мұхтар Әуезов "Шіркін! Аққалдың әні!" дейтін»

Аққал Қалыбаева: «Мұхтар Әуезов

Ғылыми еңбектері қазақ тіліндегі етістік категориясын, морфемиканы, сөзжасамды зерттеуге арналған Қалыбаева Аққал әжеміздің туған күні сәуірдің 17-сі. Бірақ өзімен сұхбаттасуға барғанымызда туған күні нақты есінде болмағандықтан, осы күнді таңдап ала салғанын айтты. Десе де, ХХ ғасырдың Мәлік Ғабдулин, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин сияқты қазақ зиялыларымен етене араласқан, кейінде естелік мақалалар жазған әжеміздің «ойлап табылған» туған күнінде сұхбат алуды жөн көрдік.

Балаларыңыз бен қыздарыңыздың суреттерін көріп отырмын. Қазір қай балаңыздың қолындасыз?

- Мен үш ұл, бір қыз тапқанмын. Туғанымда ел «Ел үшін ұл тудыңыз, өзіңіз үшін қыз тудыңыз» деп шулаған еді. Мен сол қызымның қолында тұрамын. Бір ұлым қайтыс болған, бірі Бельгияда тұрады. Тағы бір ұлым Атырау қаласында. Менің күйеуім белгілі әдебиетші ғалым Манап Хасенов деген кісі. Ғабиден Мұстафиннің туысы. Әкем Манкент маңындағы Бестерек деген жерде туып өскен. Өзі сары, көзі көк болатын. «Өзі сары көзі көк, ол адамның сұлтаны, өзі қара көзі көк, ол адамның сұмпайы» деген мақалды айтып отыратын. Шешем Ибакүл Жансүгірқызы деген кісі.

Қай жылы, қайда тудыңыз?

- Мен тышқан жылы туғанмын. 1923 жылы туыппын деп жүрсем, олай емес екен. 1924 жыл тышқан жылы екен ғой. Ташкент маңында үш Шыршық деген жер бар. Мен сол Шыршық деген өзеннің жоғарғысында туғанмын. Оның орталығы – Жаңабазар. Орта шыршықтың орталығы – Тойтөбе. Одан кейінгі төменгі Шыршық бар. Анам 6 жасымда, әкем 10 жасымда қайтыс болып, жетім атандым.

Бала кезіңізде оқу үлгеріміңіз қандай болды?

- Мектепте алғыр болып өстім. Мұғалім жаңадан өтілетін тақырыпты тақтаға жаза бастағанда-ақ мен ол туралы барлығын біліп тұратынмын. Содан жан-жағыма қарап, алдымдағыға бір, артымдағыға бір тиісіп, маза бермейді екем. Мұғаліміміз «Аққал, тыныш отыр!» дейді. Сабақтың бәрін біліп отырған мен қалай тыныш отырамын? Әйтеуір бәрін көріп-білсем, тез өссем дейтінмін. Әрбір нәрсеге құмарлығымның бір белгісі – кішкентай кезімде бір жыланды құтқарғаным бар. Қыс біткенде жылан жер астынан шығу үшін бірінші топырағын шығарады. Сол топырағын шұқылап жүріп жыланды ұстап алыппын. Қасымдағы балалар жыланды өлтір, өлтіргенде де екіге бөліп екі жаққа көміп тастау керек дейді. Мен сол жыланды өлтіртпеймін деп құйрығынан ұстап алып қашамын. Ал балалар болса қуады. Әйтеуір қашып құтылып, аман алып қалғаным бар.

Аққал апа баласы Айдармен

Бала кезімнен білімге ұмтылдым. 13 жаста жеті жылдық оқуды үздік болып аяқтадым. Сосын Ташкенттің техникумында оқыдым. 1940 жылы ҚазПИ-ге сырттай оқуға түсіп, онда әйгілі Мәлік Ғабдулиннің шәкірті болдым. Мағжан деген атты ауызға алуға болмайтын заманда ТашПИ-дің (ол кезде сөйтіп айтатынбыз) өзбек тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түскенмін. Оны үздік бітірдім. Кейін Алматыға қайта оралып, баяғы оқудың 4 курсын 1945 жылы үздік аяқтадым.

Мұхтар Омарханұлымен байланысыңыз жайлы айтып өтсеңіз?

- Мәскеуде операция жасатуға барарда ол кісі мені де ілестіріп алып кетті. Операция ертең болады дегенде ол кісіге соңғы рет барып жолыққанмын. Ол кезде соңғы рет екенін қайдан білейін, Кунцово деген ауруханада отырып әңгімелестім. Ол кісі ертесі қайтыс болды дегенді телефоннан естігенде сенбедім. Мұхтар аға туралы айтып беріңіз дедің ғой, ол кісі өте ұлтшыл болатын. Ташкентке барған кезінде менің туысқаным Махамат Мұхамедәліұлы деген азаматпен сөйлесіпті.

«Ташкентте қазақтар бар ма, көрейін» деген соң туысым алдына барса, қазаққа ұқсамайтынын айтыпты. Махамат болса сонда «Сарт десеңіз сарт, қазақ десеңіз қазақ боламыз ғой!» деп әзілдеген екен. Содан әңгіме жалғасып, балаларын айта бастағанда қанша бала дүниеге әкелгенін сұрапты. Махамат «Өзімнің төрт, інімнің төрт баласы бар» десе Мұхаң «Ойбу! Сен ғана ма десем, он екі екенсіңдер ғой! Енді қайттім» депті. Мұхаң сондай азамат болатын. Мұхаң «Шіркін! Аққалдың әні!» деп тамсанғанда ән де айтып беретінмін.

- Әңгімеңізге рақмет, Аққал апа.

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 21 сәуір 2014, 14:41
Пікірлер
+0
21 сәуір 2014, 14:56

кейде бар ғой... осындай кісілерге қарап, қайран еңбек, қайран оқу-білімге кеткен уақыт-ай деп қаламын. Көзіңнің майын тамызып оқисың, ізденесің, қартайғанда ешкімге керек болмай, өзіңмен өзің қаласың... Өмір деген осындай ма еді?

+0
21 сәуір 2014, 15:19

Жас кезіндегі суреттеріне қарасам, алып бара жатқан сұлулығы да, көзді сүйсіндіретін көріктілігі де болмапты. Қарапайым қазақтың қарапайым сүйкімді қызы болғанға ұқсайды Мұхаң секілді алып та ұлы жазушының Музасы. Бәлкім Мұхаң мен көріп, сезе алмай тұрған сұлулықты байқаған болар...

+0
21 сәуір 2014, 16:29

әңгіме қазақ қыздары туралы болған кезде тек сыртқы көріктілік жайында болмаса керек)) қазіргі біз айтып жүргеннен сұлулықтың өресі әлдеқайда биік-дағы..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.