Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Әйелдерге сұлулық сыйлаған ұлылар

Әйелдерге сұлулық сыйлаған ұлылар

Әйелдерге сұлулық сыйлаған ұлылар

Көктем келіп, қыз атаулы құлпыра бастады. Бірақ сол сұлулықты ер адамдардың жасағанын қалайша мақтанышпен айтпаймыз? 

Кристиан Диор (Christian Dior)

Кристиан Диор «Мен әйелдерді бақыттырақ еткім келді» дейді. Мансап жолын киім тігуден бастаған Кристиан сәттілікке 42 жасында ғана жетсе де жолы болғанын мойындаған. Бала кезінде Кристиан Диор сурет салумен айналысыпты. Кристиан әке-шешесі дипломат болсын десе де, оларға қарсы шығып, өз жолын таңдайды. Саяси ғылымдар мектебінде оқып жүргенінде-ақ бірбеткей бала халықаралық құқық сабақтарынан қашып кетіп, мұражайларда түнейтін болған. Көркемсурет пен музыка мәдениетін оқып тауысады. Бала кезінде-ақ ол киімдердің: қалпақ пен көйлектердің дизайндарын ақ қағазға салып, сән үйлеріне сатып, нәпақа тапқан. Кейін Диор әскерге барады. Келген соң модельдік бизнеспен айналыса бастайды. Dior сән үйінің ашылуы мен оның тұңғыш киімдер коллекциясы бір уақытта ашылады. Осыдан Париж жұртшылығы оның дарынын мойындай бастайды.    

1947 жылы, екінші дүниежүзілік соғыстан енді ғана ес жиып жатқан халық Монтень авенюындағы сән үйін, ондағы әдемі көйлектерді көріп таңғалады. Соғыс кезінде киілген тар юбка мен шаршы пиджактардан әбден жалыққан ел Кристианның жаңа киім әлеміне еніп кетеді. Ал әлем халықтарының мұндай сәнге дайын еместігін олардың жаңа сән үлгісіне қарсылық білдіргенінен-ақ байқауға болатын еді. Қаншама сыни көзқарастар айтылса да, Диор қыз атаулының гүлдей нәзік болып көрінуі үшін талмай еңбектене береді. Уақыт көрсеткендей, Диор бәрін де жеңіп шықты.

Ив Сен Лоран (Yves Saint Laurent)

Ив Сен Лоран: «Мен ұмытылмас Коконың ақыл-кеңесіне сүйендім жән көйлектің ішінде әйелдің барын еш ұмытпадым» дейді. Оны ХХ ғасыр сәнінің данышпаны деп те атады, Диордың дарынды шәкірті деп те көкке көтерді. Расында да, Диор оның болашағынан зор үміт күткен.

Yves Saint Laurent сән үйі 1960 жылдары сән символына айналып, жаңа мыңжылдыққа дейін көшбасшы болып келді. Кутюрьенің басты мақсаты 20 жастағы қыз да, қырық жастағы әйел де кие алатындай киім тігу еді. Сән мэтрі әйелдің нағыз жасы 20 мен 40-тың арасы дейді, "Ханшайымдар ешқашан да қартаймайды" деген сөзді де Ив Сен Лоран айтып кеткен. Оның музасы Катрин Денёв болған.

Валентино Гаравани (Valentino Garavani)

Valentino мен италиялық Мадонналардың көз сүрінер сұлулығы...

Валентиноның мектеп кезіндегі оқулықтарында модельдердің суреттері бейнеленіпті. Ол Париждегі Өнер мектебінен тігуді меңгереді. Сегіз жылдық оқу барысында Валентино бимен де айналысқан, театрды да зерттеген – осылай Валентино қыз баласының санасындағы сұлулық ұғымын түсіне бастаған. Оқу кезінде Валентино Жан Дессе есімді кутюрьенің сән үйінде жұмыс істейді. «Біз киіндірген әйелдерді еркектер шешіндіргісі келетіндей болуы керек» дейді екен Дессе ұстазы оған. Валентино ешқандай ерекшелігі жоқ қыз баласының киімін оның дене сымбатына сай етіп тігуді үйренеді. Сонда оның тіккен киімдері қыз баласын жәй ғана сұлу етіп қана қоймай, сонымен бірге көзтартатын хор қызына айналдырады екен. Валентино «Ерлер өз жанында балаға ұқсап қалған қыздың болғанын қаламайды» дейді.

Джанни Версаче (Gianni Versace)

Gianni Versace: оның көйлегін киген әйелдер өздерін ханшайым сезінетін болған. Қарапайым матаның ең сәнді киімге айналғанын жастайынан қызықтап байқайтын Джанни ерекше бала болады. Тігу өнерін ол өзінің тігінші анасынан көріп өседі. Шешесі тігіп берген әрбір көйлек оның көзінде бейне бір сиқырдай көрініп, ерекше әсер еткен. Осындай отбасыда дүниеге келгені үшін бақытты екенін Джанни талай рет мойындапты да. Оның ойынша, тігінші адамның денесін сезуі тиіс, әйел адамның дене сымбатын толық зерттеуі керек.

Ол математика сабағы дәптеріне өзі ойлап тапқан киім үлгісін сызып, оның бетіне Софи Лорен мен Джин Лолобриджидің суреттерін жапсырады екен. Салынған суреттерде сән бикелерінің кеудесі өте үлкен болғандықтан, мұғалімдері талай мәрте оның шешесін жиналысқа шақыратын болған. Ал директоры болса оны тіпті психикасы ауытқыған деп те даттапты. Бірақ ақырында Версаче өз діттігеніне жетіп тынады. Оның әрбір киімі жібектен, барқыттан, қауырсыннан және жүннен тігіледі.

Джон Гальяно (John Galliano) – әйел сұлулығын басты орынға қоятын нағыз романтик. Талай уақыт бұрын ұмытылып кеткен айналдыра тігу өнері Джонға асқан даңқ пен абырой әкелген еді. Ұлты ағылшын саналатын Гальяно XVIII ғасырдың стилі мен сәнін жаңа заманға әкелген бірден-бір кутюрье. Ол киімге түрлі әшекейлерді жабыстыру сәнін енгізген адам.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fashionweek.kiev.ua
nice-news.net
moda-veka.ru

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 30 сәуір 2014, 14:01
Пікірлер
+0
30 сәуір 2014, 19:38

енді еркектер ақылдығой әйелдерден :cry:

+0
02 мамыр 2014, 01:11

бірақ сәнге келгенде олай бәсекелескен жөн болмас

+0
03 мамыр 2014, 14:33

Дизайнер ер адамдар оғаш мінезді болады ғой, бірақ өздеріне жап-жақсы жарасып тұрады...

+0
04 мамыр 2014, 09:45

Бәрі мықты дизайнер, маған Валентино Гараванидің киімдері ұнайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.